Бюджеттiк борыштар бойынша есептеме жүргiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1995 жылғы 28 желтоқсандағы N 1872

      Алынған материалдық құндылықтар үшiн "ОРС-Ульба" акционерлiк қоғамына Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң қарызын қысқарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi:
      республикалық бюджеттiң және 1995 жылдың 15 желтоқсанындағы жағдай бойынша 40 млн. (қырық миллион) теңге мөлшерiнде кеден бажын төлеу жөнiнде республикалық бюджеттiң алдында қарызы бар "ОРС-Ульба" акционерлiк қоғамының арасында қарыздың бiр жолғы есептемесiн жүргiзсiн;
      осы соманы "ОРС-Ульба" акционерлiк қоғамынан алынған материалдық құндылықтар үшiн қарызды өтеуге Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiн қаржыландыру есебiне есепке алынып, оны республикалық бюджеттiң кiрiс және шығыс бөлiмдерiнде көрсетсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi алынған материалдық құндылықтар үшiн кредиторлық қарызды қаржыландыру кезiнде республикалық бюджеттен бөлiнетiн қаражат есебiне есепке алатын болсын.
      3. "ОРС-Ульба" акционерлiк қоғамы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң дебиторлық қарызын кеден бажы жөнiндегi кредиторлық қарызды ету есебiне есепке алатын болсын.
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады