Қазақстан Республикасының Қызыл Кiтабына енгiзiлген Қарашеңгел мемлекеттiк аңшылық шаруашылығында тоғай кермаралын аулау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1995 жылғы 29 желтоқсан N 1889

      Қарашеңгел мемлекеттiк аңшылық шаруашылығында жерсiндiрiлген тоғай кермаралының биологиялық ерекшелiктерiн одан әрi зерттеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Экология және биоресурстар министрлiгiнiң Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiмен және Қаржы министрлiгiмен, Ұлттық ғылым академиясымен Қарашеңгел мемлекеттiк аңшылық шаруашылығының өзiне бекiтiлген аумақтан 1995-1996 жылдары он бас тоғай кермаралдарын алуы жөнiнде келiсiлген ұсынысы қабылдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлiгi Қарашеңгел мемлекеттiк аңшылық шаруашылығына он бас тоғай кермаралын аулауға рұқсат берсiн және берiлген рұқсаттың дер кезiнде пайдалануына бақылау орнатсын.
     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады