"Жезқазғанцветмет" акционерлiк қоғамына мемлекеттiк көмек көрсету және борыштарын өтеудiң шаралары туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1995 жылғы 29 желтоқсан N 1895. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1996.04.23. N 500 қаулысымен.

      "Жезказганцветмет" акционерлiк қоғамының кредиторлық және дебиторлық берешектерiн бағалау жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның есебiн қарап, мемлекеттiк көмек көрсету және бұдан бұрын өзiне алған мiндеттемелердi орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. "Самсунг Дойчланд ГмбХ" басқарушы фирмасы, "Жезказганцветмет" акционерлiк қоғамы 1995 жылғы 27 мамырға дейiн туындаған кредиторлық берешектердi өтеудi тоқтатсын, яғни, 1996 жылғы 31 желтоқсанға дейiн мораторий жариялансын. Жоғарыда аталған кезеңде проценттер үстеу жүргiзiлмесiн және айыппұл шаралары қолданылмасын.
      2. "Самсунг Дойчланд ГмбХ" басқарушы фирмасы, "Жезказганцветмет" акционерлiк қоғамы дебиторлық берешектердi қайтару жөнiнде түпкiлiктi шаралар қабылдасын.
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi "Жезказганцветмет" акционерлiк қоғамының ұсынысымен оған мемлекеттiк көмек көрсету шеңберiнде республика iшiндегi және ТМД елдерiнiң борышкер кәсiпорындарымен өзара есептеме жүргiзсiн.
      3. "Жезказганцветмет" акционерлiк қоғамының кредиторлық және дебиторлық берешектерiн бағалау жөнiндегi ведомствоаралық комиссия басқарушы фирманың қатысуымен басқаруға дейiн туындаған комбинаттың борыштарына талдама жасау жөнiндегi жұмысты бiр ай мерзiмде аяқтап, өнiмдер мен тауар-материалдық құндылықтарды тиеу бұрын қол қойылған контрактiлердi, оларды өтеудiң кестесiн қарап, Қазақстан Республикасының Үкiметiне тапсырсын.
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады