Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
"Фашизмнiң бұрынғы тұтқындарына өтем төлеудiң тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 16 қазандағы N 1331 P951331_ қаулысымен бекiтiлген Фашизмнiң бұрынғы тұтқындарына өтем төлеудiң тәртiбiне /Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 32, 408-бап/ мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
18-тармақтың бiрiншi абзацындағы "бағамы бойынша" сөзiнен кейiн "немiс маркасында немесе алушының қалауы бойынша" сөздерi жазылсын, әрi қарай мәтiн бойынша.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi