1. <*>
2. <*>
ЕСКЕРТУ. 1,2-тармақтар күшiн жойды - ҚРҮ-нiң 1996.12.26.
N 1634 қаулысымен.
3. Облыстар мен Алматы қаласының әкiмдерi Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiмен келiсе отырып, халықты әлеуметтiк қорғаудың жергiлiктi органдарында Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қоры iстерi жөнiндегi бөлiмшелердi құрсын, оларды ұстауға жұмсалатын шығыстар тиiстi жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты есебiнен жүзеге асырылсын.
"Облыстар мен Алматы қаласы әкiмдерi аппаратының үлгiлiк құрылымы, олардың дербес атқарушы органдарының тiзбесi, қызметкерлерiнiң жалпы санының лимиттерi, қызметтiк жеңiл автомобильдерi саны, еңбек ақы қоры және қызметтiк iс-сапарларға арналған шығындары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 30 желтоқсандағы N 1901 қаулысымен белгiленген жергiлiктi атқарушы органдар қызметкерлерiнiң жалпы саны мен еңбек ақы қорына Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорын басқару үшiн 2-қосымшаға сәйкес халықты әлеуметтiк қорғау органдары қызметкерлерiнiң қосымша адам саны мен айлық жалақы қоры белгiленсiн.
4. Қазақстан Республикасы Кәсiподақтар федерациясының, салалық және тәуелсiз кәсiподақтардың 1996 жылғы 1 қаңтардағы жағдайы бойынша Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорының бар қаражатын, сондай-ақ осы қордың белгiленген тәртiппен архивке тұрақты сақтауға өткiзiлмеген есептерiн, баланстарын, нормативтiк актiлерiн, әдiснамалық материалдарын Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiне беру ұсынысы қабылдансын.
5. Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қоры аппаратын орналастыру үшiн Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң ғимаратындағы үй-жайларды босату мақсатында, Кәсiподақтар федерациясына Қазақстан Республикасы Мүгедектерi ерiктi қоғамын және фашизмнiң бұрынғы тұтқындарына өтемақы төлеу жөнiндегi Қазақстан Республикасындағы "Өзара түсiнiстiк пен татуластық" украин ұлттық қорының өкiлдiгiн көшiруге өздерi орналасқан алаңды беру ұсынылсын.
6. Халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi Қазақтан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгiмен, Еңбек министрлiгiмен, Қаржы министрлiгiмен, Әдiлет министрлiгiмен келiсе отырып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру
қоры туралы ереженi және Қордың қызметiн ұйымдастыру үшiн қажеттi басқа да нормативтiк актiлердi бiр ай мерзiмде әзiрлесiн және бекiтуге табыс етсiн. 7. <*> ЕСКЕРТУ. 7-тармақ күшiн жойды - ҚРҮ-нiң 1996.12.26. N 1634 қаулысымен. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 27 наурыздағы N 359 қаулысын 1-қосымша Қазақстан Республикасы Халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi орталық аппаратының Құрылымы Басшылық Зейнетақы қоры iстерi жөнiндегi бас басқарма Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қоры iстерi жөнiндегi бас басқарма Қаржы-экономика басқармасы Зейнетақылық қызмет көрсетудi ұйымдастыру басқармасы Әлеуметтiк көмектi ұйымдастыру басқармасы Протездеу және ақпараттық қамтамасыз ету iстерi жөнiндегi басқарма Заң және ұйымдастыру-кадр жұмысы басқармасы Бухгалтерлiк есепке алу бөлiмi Аударма және бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс басқармасы Iс басқармасы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 27 наурыздағы N 359 қаулысын 2-қосымша Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорын басқаруға арналған халықты әлеуметтiк қорғау органдары қызметкерлерiнiң қосымша саны және еңбекақының айлық қоры ___________________________________________________________________ Облыстардың | Қызметкерлер саны| Еңбекақының айлық атаулары | (бiрлiк) | қоры | | теңге есебiмен ___________________________________________________________________ Ақмола 41 126625 Ақтөбе 43 128875 Алматы 33 101875 Атырау 27 83875 Шығыс Қазақстан 48 151125 Жамбыл 43 133375 Жезқазған 40 125125 Батыс Қазақстан 43 128875 Қарағанды 54 169625 Қызылорда 29 96250 Көкшетау 44 133000 Қостанай 55 170250 Маңғыстау 22 71125 Павлодар 50 155250 Солтүстiк Қазақстан 36 109375 Семей 44 131875 Талдықорған 38 116125 Торғай 30 92500 Оңтүстiк Қазақстан 64 199625 Алматы қаласы 36 117125 ___________________________________________________________________ Барлығы 820 2541875