Мемлекеттiк резервтен азық-түлiк тауарларын босату туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 10 сәуiрдегi N 419

      Сақтау мерзiмi өтуiмен жаңартуды және Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк материалдық резервтер жөнiндегi комитетiнiң кәсiпорындарынан шығаруды талап ететiн азық-түлiк тауарларын жауапты сақтау пункттерiнде брондау қажеттiлiгiне байланысты Республика Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк материалдық резервтер жөнiндегi комитетi:
      министрлiктерге, мемлекеттiк комитеттер мен ведомстволарға олардың өтiнiмдерi бойынша, қосымшаға сәйкес бағамен 1996 жылы тоқсандар бойынша бiркелкi түрде жалпы сомасы 1112703 мың теңгеге, оның iшiнде Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiне - 398790 мың теңгеге, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне - 12159 мың теңгеге, Республика ұланына - 31720 мың теңгеге, Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгiне - 375942 мың теңгеге, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк тергеу комитетiне - 64698 мың теңгеге, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетiне 4910 мың теңгеге, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметiне - 5008 мың теңгеге, Қазақстан Республикасының шекара әскерi әскери институтына - 1360 мың теңгеге, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекараны күзету жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне - 21600 мың теңгеге, Қазақстан Республикасының Iшкi әскерлер бас басқармасына - 196518 мың теңгеге азық-түлiк тауарларын босатсын.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi министрлiктерге,

мемлекеттiк комитеттер мен ведомстволарға мемлекеттiк резервтен
босатылған тауарлардың құнын осы мемлекеттiк органдарды
қаржыландыру кезiнде, оны бюджеттiң кiрiстер және шығыстар бөлiгiнде
көрсетiп есепке алсын.

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi
                                   Қазақстан Республикасы
                                       Үкiметiнiң
                                   1996 жылғы 10 сәуiрдегi
                                        N 419 қаулысына
                                              қосымша

        Тәртiп-күштiк министрлiктерге, мемлекеттiк комитеттер
        мен ведомстволарға мемлекеттiк резервтен босатылатын
         азық-түлiк тауарларының орташа босату бағасы
________________________________________________________________
Тауар атауы               Өлшем            Бiрлiгiне орташа
                         бiрлiгi           босату бағасы, теңге
________________________________________________________________
 Ет                        тонна                140000
 Ет консервiлерi (525 г)   м.ж.б.               120000
 Ет консервiлерi (338 г)    -"-                  77000
 Балық консервiлерi (250 г) -"-                  55000
 Қант                      тонна                 60000
 Өсiмдiк майы               -"-                 120000
 Кiр жуатын сабын           -"-                  80000
 Тұз                        -"-                   8000
 Үндi шайы                  -"-                 300000
 N 36 шай                   -"-                 160000
 Астатық май                -"-                 130000
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады