Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiнде Мал дәрiгерлiгi комитетiн құру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 18 сәуiр N 472. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2000.02.01. N 143 қаулысымен. ~P000143

      "Мал дәрiгерлiгi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығын жүзеге асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 25 шiлдедегi N 2377 K952377_ қаулысын жүзеге асыру үшiн және мал дәрiгерлiгi саласында мемлекеттiк басқару, үйлестiру және бақылау жүйесiн қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi Қаулы Етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiнде таратылатын Мемлекеттiк мал дәрiгерлiгi инспекциясының негiзiнде дербес заңды тұлға құқығымен (Бас басқарма құқығымен) оның iшiнде "Қазақстан Республикасының жекелеген министрлiктерi мен ведомстволарының есеп-қаржы қызметiн орталықтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 12 тамыздағы N 1000 P961000_ қаулысына сәйкес 13 бiрлiк Ауыл шаруашылығы министрлiгi орталық аппаратының адам санын қысқарту есебiнен және 7 бiрлiк министрлiктер мен ведомстволар орталық аппаратының адам санын қысқарту есебiнен 20 адам құрамымен Мал дәрiгерлiгi комитетi (бұдан былай - Комитет) құрылсын. <*>
      ЕСКЕРТУ. 1-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.10.02.
               N 1212 қаулысымен. P961212_
      2. Былай деп белгiленсiн:
      Мал дәрiгерлiгi комитетi мемлекеттiк мал дәрiгерлiгi қызметiнiң жүйесiне басшылықты және мал дәрiгерлiгi саласында бiрыңғай саясат жүргiзудi қамтамасыз ететiн мал дәрiгерлiгiн басқарудың республикалық органы болып табылады;
      Мал дәрiгерлiгi комитетiнiң құрамына заңды тұлға құқығымен мемлекеттiк мал дәрiгерлiгi аумақтық басқару органдары кiредi.
      3. Мал дәрiгерлiгi Комитетiнiң басты мiндеттерi:
      малдың денсаулығын қорғауға, мал мен адамға ортақ аурулармен күресуге, республика аумағын ерекше қауiптi жұқпалы мал ауруларын әкелуден қорғауға бағытталған мал дәрiгерлiгi шараларын ұйымдастыру және олардың орындалуына бақылау жасау;
      малдан алынатын өнiмдер мен шикiзаттардың сапасына мал дәрiгерлiк-санитарлық бақылауды қамтамасыз ету;
      жеке және меншiктiң барлық нысанындағы заңды тұлғалардың мал дәрiгерлiгi ережелерiн сақтауын қадағалау қызметiн жүзеге асыру;
      қоршаған ортаны мал дәрiгерлiк-санитарлық тұрғыда ластаудың алдын алу және мал дәрiгерлiгiне биологиялық, химиялық және басқа препараттарды қолдануға бақылау жасау болып белгiленсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi бiр

ай мерзiмде Мал дәрiгерлiгi комитетi туралы ереженi, оның құрылымы
мен құрамына енетiн аумақтық бөлiмшелерiнiң тiзбесiн әзiрлеп,
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бекiтуiне ұсынсын.
     5.
<*>

     ЕСКЕРТУ. 5-тармақтың күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1996.12.27.
              N 1656 қаулысымен.  

P961656_

 
 
     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрi 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады