"Жезказганцветмет" акционерлiк қоғамының төлем жасау қабiлетiн қалпына келтiру және банкроттықты болдырмау жөнiндегi шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 23 сәуiр N 500

      "Жезказганцветмет" акционерлiк қоғамының кредиторлық және дебиторлық берешектерiн бағалау жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның ұсынысын және оның қаражат жағдайын бағалау жөнiндегi тәуелсiз аудиттiң нәтижелерiн қарап, Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Елеулi жабық кредиторлық берешектерiнiң анықталуына байланысты "Жезказганцветмет" акционерлiк қоғамы дәрменсiз борышкер деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi "Самсунг Дойчланд ГмбХ" корпорациясының келiсiмiмен 1995 жылғы 7 маусымда басқаруға жасалған N 16/95 контрактiнi және 1995 жылғы 16 қыркүйектегi оған қосымша келiсiмдi бұзсын.
      3. Кредиттiк берешектiң негiзгi сомасы "Самсунг Дойчланд ГмбХ" корпорациясының үлесiне тиетiндiгi ескерiле отырып, "Жезказганцветмет" акционерлiк қоғамы "Самсунг Дойчланд ГмбХ" корпорациясының сыртқы басқаруына берiлсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi "Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығына сәйкес "Самсунг Дойчланд ГмбХ" корпорациясымен сыртқы басқару туралы шарт жасасын.
      5. "Жезказганцветмет" акционерлiк қоғамының кредиторлық және дебиторлық берешектерiн бағалау жөнiндегi ведомствоаралық комиссия басқарушы фирманың қатысуымен бiр ай мерзiмде кредиттiк қарызды өтеу кестесiн жасасын.
      6. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi "Жезказганцветмет" акционерлiк қоғамының 51 процент мөлшерiндегi мемлекеттiк акциялар пакетiн Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне берсiн <*> .

      <*> Ескерту: Өзгертулер енгiзiлген - ҚР Үкiметiнiң 1996.05.22.
                  N 626 қаулысымен. P960626_

      7. Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi "Жезказганцветмет" акционерлiк қоғамының мемлекеттік пакетiн 51 процент мөлшерiнде айтылған шарттарда жабық тендерде сатсын <*> .

      <*> Ескерту: Өзгертулер енгiзiлген - ҚР Үкiметiнiң 1996.05.22.
                  N 626 қаулысымен.

      8. "Жезказганцветмет" акционерлiк қоғамына мемлекеттiк көмек көрсету және борыштарын өтеудiң шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1895 қаулысының Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi мен "Самсунг Дойчланд ГмбХ" корпорациясы арасында "Жезказганцветмет" акционерлiк қоғамын сыртқы басқаруға контракт жасалған сәттен бастап күшi жойылған деп танылсын.
     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады