Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi туралы ереженi бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1997 жылғы 30 сәуiр N 689. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1997.12.10. N 1732 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкiметi Аппаратының қайта ұйымдастырылуына байланысты Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi туралы ереже бекiтiлсiн.
      2. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:
      "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Аппараты туралы ереженi

 

бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 14

ақпандағы N 196 


P960196_


  қаулысы;

     "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер

енгiзу және күшi жойылған деп тану туралы" Қазақстан Республикасы

Үкiметiнiң 1996 жылғы 17 мамырдағы N 609 


P960609_


  қаулысымен бекiтiлген

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлiп

отырған өзгерiстердiң 5-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы,

1996 ж., N 22, 190-құжат).


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрi

                                        Қазақстан Республикасы

                                             Үкiметiнiң

                                        1997 жылғы 30 сәуiрдегi

                                            N 689 қаулысымен

                                             бекiтiлген


                Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi

                                  туралы

                                  ЕРЕЖЕ


     I. Жалпы ережелер



 
       1. Премьер-Министрдiң Кеңсесi Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Премьер-Министрiнiң қызметiн ұйымдастыру, құқықтық, ақпараттық-талдамалық, консультативтiк және материалдық-техникалық қамтамасыз етудi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган болып табылады.
      2. Премьер-Министрдiң Кеңсесi өз қызметiн Республиканың Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Үкiметiнiң және Премьер-Министрiнiң актiлерiн, сондай-ақ осы ереженi басшылыққа ала отырып жүзеге асырады.
      3. Премьер-Министрдiң Кеңсесi заңды тұлға болып табылады. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген және өзiнiң атауы қазақ және орыс тiлдерiнде жазылған мөрi бар.
      4. Премьер-Министрдiң Кеңсесi туралы ереженi, сондай-ақ оның құрылымы мен штаттық санын Республика Үкiметi бекiтедi.
 
      II. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрi Кеңсесi мақсаты мен
                                мiндеттерi
 
      5. Премьер-Министр Кеңсесiнiң негiзгi мақсаты Қазақстан Республикасы Премьер-Министрi мен Үкiметi қызметiнiң тиiмдiлiгiн қамтамасыз ету болып табылады.
      6. Кеңсенiң негiзгi мiндеттерi:
      - Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Премьер-Министрiнiң кадрлық, ұйымдастырушылық, ақпараттық-талдамалық, консультативтiк және құқықтық қызметiн қамтамасыз ету;
      - Премьер-Министрге, Үкiметке және Премьер-Министр Кеңсесiнiң қызметкерлерiне қаржы, шаруашылық, материалдық-техникалық, әлеуметтiк-тұрмыстық қызмет көрсету;
      Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiмен, Парламент Палаталарының аппараттарымен, орталық және жергiлiктi атқарушы органдармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, өзге де ұйымдармен және азаматтармен өзара iс-қимылды қамтамасыз ету болып табылады.
 
      III. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң
                              функциясы
 
      7. Өзiнiң алдында тұрған мiндеттердi шешу үшiн Премьер-Министрдiң Кеңсесi мынадай негiзгi функцияларды жүзеге асырады;
      а) әкiмшiлiк-ұйымдастыру:
      - министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң, өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, олардың құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша, Үкiметтiң шешiмдерiн әзiрлеуiн ұйымдастыру және үйлестiру, сондай-ақ Үкiмет шешiмдерiнiң орындалуына бақылау жасау;
      - Үкiмет пен оның Төралқасының мәжiлiстерiн, халықаралық кездесулер мен сапарларды, Премьер-Министр мен оның орынбасарлары өткiзетiн басқа да шараларды ақпараттық-талдаулық, құқықтық, ұйымдастырушылық, консультативтiк және материалдық-техникалық қамтамасыз ету;
      - Премьер-Министр мен Үкiметтiң қызметiн құжаттамалық қамтамасыз ету және оған қызмет көрсету, iс қағаздарын жүргiзу;
      - қазақ, орыс және басқа да тiлдердiң қызметiн қамтамасыз ету;
      - қызметтiк құжаттарды қарау;
      - жеке және заңды тұлғалардың хаттарын, өтiнiштерiн қарау;
      - азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру;
      б) ақпараттық-талдаулық:
      - Премьер-Министр мен оны орынбасарлары үшiн республиканың жай-күйi мен әлеуметтiк-экономикалық дамуын сипаттайтын материалдар дайындау;
      - бұқаралық ақпарат құралдарында Үкiмет жүргiзiп отырған iшкi және сыртқы саясатты түсiндiру;
      в) құқықтық:
      - Үкiмет Парламенттiң Мәжiлiсiне енгiзiлетiн заңдардың жобалары бойынша сараптамалар жүргiзу және қорытындылар әзiрлеу;
      - Үкiметтiң заң жобалары жұмыстарының жоспарын орындауды ұйымдастыру;
      - Үкiметтiң бастамашылығы бойынша шығарылатын Қазақстан Республикасының Президентi актiлерiнiң, Үкiмет қаулыларының және Премьер-Министр өкiмдерiнiң жобалары бойынша сараптама жүргiзу және қорытындылар әзiрлеу;
      - Премьер-Министр мен Үкiмет қызметiнiң өзге де мәселелерiн шешудi құқықтық қамтамасыз ету;
      - Республика заңдарын сақтау, жүйелендiру және кодтау;
      г) кадрлық;
      - Үкiметтiң номенклатурасына кiретiн кадрлардың жай-күйi мен қозғалысына есеп және талдау жүргiзу;
      - жоспарланған қажеттiлiктердi ескере отырып кадрларды оқыту, мақсатты даярлау және қайта даярлау процесiн ұйымдастыру;
      - Үкiметтiң номенклатурасына кiретiн кадрлардың құрамы жөнiндегi ұсыныстарды зерделеу, әзiрлеу және енгiзу;
      - Үкiметтiң номенклатурасына кiретiн кадрлардың резервiн қалыптастыру.
 
      IV. Премьер-Министр Кеңесiнiң өкiлеттiгi
 
      8. Премьер-Министрдiң Кеңсесiнiң өзiнiң функцияларын жүзеге асыру үшiн:
      - министрлiктерден, мемлекеттiк комитеттерден, өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдардан қажеттi ақпарат сұратуға және алуға, сондай-ақ өз құзыретiнiң шегiнде оларға орындауға мiндеттi тапсырмалар беруге;
      - меншiк нысанына қарамастан ұйымдардан Үкiметтiң құзыретiне қатысты мәселелер бойынша құжаттарды қоса алғанда қажеттi ақпарат, өзге де материалдар, ауызша және жазбаша түсiндiрме сұратуға және алуға;
      - атқарушы органдардың қолындағы кез-келген, оның iшiнде құпия деректердiң ақпараттық банктерiн пайдалануға;
      - Президент актiлерiнiң, Үкiметтiң қаулыларының, Премьер-Министрдiң өкiмдерiнiң орындалуына тексеру жүргiзуге, анықталған тәртiп бұзушылықтарды жою жөнiнде шаралар қабылдауға;
      - мемлекеттiк және мемлекеттiк емес органдармен және ұйымдармен Премьер-Министр Кеңсесiнiң жүргiзуiне қатысты мәселелер бойынша қызметтiк жазбалар алмасуды жүргiзуге;
      - Республиканың Премьер-Министрiне министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң, Үкiметке ведомстволық бағынысты басқа да мекемелердiң басшы құрамын лауазымға тағайындау және босату туралы, сондай-ақ оларды тәртiптiк жауапкершiлiкке тарту туралы ұсыныс енгiзуге;
      - министрлiктер, мемлекеттiк комитеттер, Республиканың өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдары алқаларының мәжiлiстерiне қатысуға;
      - Үкiмет Басшылығының тапсырмасы бойынша министрлiктердiң, мемлекеттік комитеттердiң, өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, ұйымдардың қызметкерлерiн Үкiметтiң құзыретiне қатысты мәселелердi шешуге тартуға құқы бар.
      9. Қажеттi материалдар, хабарлар, атқарушы органдардың лауазымды тұлғаларының жазбаша және ауызша түсiндiрмелерiн ұсыну жөнiндегi Премьер-Министр Кеңсесiнiң талабы, егер Кеңсе басқа орындау мерзiмiн белгiлемесе, заңдарда белгiленген мерзiмдерде орындалуға жатады.
 
      V. Премьер-Министр Кеңсесiнiң басшылығы
 
      10. Премьер-Министрдiң Кеңсесiн Кеңсенiң Басшысы басқарады, ол тiкелей Республиканың Премьер-Министрiне, ол жоқ болған кезде оның орнында қалған адамға бағынады.
      Премьер-Министрдiң Кеңсесiнiң Басшысын қызметке Қазақстан Республикасының Үкiметi тағайындайды және қызметтен босатады.
      11. Кеңсе Басшысының Премьер-Министрдiң Кеңсесi Басшысының ұсынуы бойынша қызметке Үкiмет тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасарлары болады.
      12. Кеңсе Басшысы мынадай негiзгi функцияларды орындайды:
      - орынбасарларының мiндеттерiн белгiлейдi;
      - Премьер-Министрдiң Кеңсесi туралы ереженi Үкiметтiң бекiтуiне ұсынады;
      - Кеңсенiң штат кестесiн бекiтедi, Кеңсе қызметкерлерiнiң жалақыларына үстемеақылар мен қосымша ақылар белгiлейдi;
      - Кеңсе бөлiмдерi мен басқа құрылымдық бөлiмшелерiнiң қызметiне жалпы басшылық пен үйлестiрудi ұйымдастырады;
      - Кеңседе iшкi еңбек тәртiбiнiң ережелерiн бекiтедi;
      - Премьер-Министр Кеңсесiнiң шығыстар сметасын бекiтедi және оның шегiнде қаржы қаражатына билiк етедi;
      - Премьер-Министрдiң Кеңсесi бойынша бұйрықтар шығарады және нұсқаулықтарды бекiтедi;
      - Премьер-Министрге заң жобаларын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң нормативтiк актiлерiн, Үкiметтiң шешiмдерiн және басқа да материалдарды ұсынады;
      - қабылданған шешiмдер мен тапсырмалардың орындалуына бақылау жасау жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастырады;
      - Үкiметке орталық және жергiлiктi басқару органдарының қызметiне баға беру және олардың құрылымдарын жетiлдiру жөнiнде ұсыныс енгiзедi;
      - Премьер-Министрдiң Кеңсесiнiң мемлекеттiк қызмет туралы заңды атқаруын бақылайды;
      - Үкiметтiң кадр саясатын жүзеге асыру жөнiндегi жұмысын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi. Республика Премьер-Министрiнiң қарауына Премьер-Министр Кеңсесiнiң бөлiмдерi мен басқа құрылымдық бөлiмшелерiнiң басшыларын және жауапты қызметкерлерiн, министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң және Үкiметке ведомстволық бағыныстағы басқа да органдардың басшы кадр корпусын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы ұсыныс енгiзедi, кадрлар резервiн қалыптастырады, Республика Премьер-Министрiне Үкiмет тағайындайтын жауапты адамдарды тәртiптiк жауапкершiлiкке тарту туралы ұсыныс енгiзедi;
      - Премьер-Министрдiң Кеңсесiнiң құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi, оны қызметкерлерiнiң лауазымдық нұсқаулықтарын бекiтедi;
      - Премьер-Министр Кеңсесiнiң жұмыс iстеуiн техникалық қызмет көрсетудi және қамтамасыз етудi жүзеге асырушы Кеңсенiң қызметкерлерiн жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
      - Премьер-Министр Кеңсесiнiң құзыретi шегiнде қызметтiк құжаттамаға қол қояды;
      өзiне Премьер-Министр мен Республика Үкiметi жүктейтiн басқа да функцияларды орындайды.
      13. Премьер-Министр Кеңсесiнiң Басшысы:
      - министрлiктерге, мемлекеттiк комитеттерге, өзге орталық және жергiлiктi атқарушы органдарға Үкiметтiң қарауына енгiзiлетiн мәселелердi әзiрлеу және келiсу жөнiнде нұсқаулар беруге;
      - министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң, өзге орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың Үкiметтiң шешiмдерiн әзiрлеу жөнiндегi жұмысын үйлестiруге;
      - министрлiктерден, мемлекеттiк комитеттерден, өзге орталық және жергiлiктi атқарушы органдардан, ұйымдардан заңдарды, Президенттiң актiлерiн, Үкiметтiң қаулыларын, Премьер-Министрдiң өкiмдерiн және басқа тапсырмаларды орындау туралы Үкiметке қажеттi материалдарды, ақпаратты және есептердi талап етуге;
      - заңдарды, Республика Президентiнiң актiлерiн және Үкiметтiң қаулыларын, Республика Премьер-Министрiнiң өкiмдерiн белгiленген талаптарға және енгiзу тәртiбiне сәйкес келмеген жағдайда министрлiктерге, мемлекеттiк комитеттерге, өзге орталық және жергiлiктi атқарушы органдарға қайтаруға;
      - Үкiметтiң және Премьер-Министр Кеңсесiнiң қызметiн шаруашылықтық қамтамасыз ету мәселесi бойынша отандық және шетелдiк ұйымдармен шарттар (келiсiм-шарттар) жасауға құқылы.
 
      VI. Премьер-Министр Кеңсесiнiң қызметiн қамтамасыз ету
 
      14. Премьер-Министрдiң Кеңсесiне жүктелген функцияларды орындау үшiн оның құрамында бөлiмдер мен басқа да құрылымдық бөлiмшелер құрылады. Премьер-Министр мен оның орынбасарларының көмекшiлерi мен кеңесшiлерi Премьер-Министр Кеңсесiнiң қызметкерлерi болып табылады.
      15. Премьер-Министр Кеңсесiнiң бөлiмдерi мен басқа да құрылымдық бөлiмшелерi осы Ереженiң, сондай-ақ Премьер-Министр Кеңсесiнiң Басшысы бекiтетiн бөлiмдер мен басқа да құрылымдық бөлiмшелер туралы ережелердiң негiзiнде жұмыс iстейдi.
      16. Бөлiмдер мен басқа да құрылымдық бөлiмшелердiң басшыларын, сондай-ақ мемлекеттiк қызметшi болып табылатын Кеңсенiң басқа қызметкерлерiн (бұдан әрi - жауапты қызметкерлер) Премьер-Министрдiң Кеңсесi Басшысының ұсынуы бойынша Республика Үкiметi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      17. Кеңсенiң техникалық қызмет көрсететiн және оны жұмысын қамтамасыз ететiн қызметкерлерiн Премьер-Министр Кеңсесiнiң Басшысы тағайындайды.
      18. Премьер-Министр Кеңсесi бөлiмдерi мен басқа да құрылымдық бөлiмшелердiң басшылары:
      өздерiнiң бөлiмдерiне және басқа бөлiмшелерiне жүктелген мiндеттердiң уақтылы және толық орындалуына, заңдардың, Президент актiлерiнiң, Үкiметтiң актiлерiнiң, Премьер-Министрдiң, сондай-ақ Кеңсе Басшысы мен оның орынбасарларының өкiмдерi мен тапсырмаларының уақтылы және толық атқарылуына жауапты болады, қызметкерлердi тағайындау, ауыстыру және босату туралы ұсыныс енгiзедi, қызметкерлердiң арасында мiндеттердi бөледi.
      19. Премьер-Министр Кеңсесiнiң жауапты қызметкерлерi өздерiнiң қызметтiк мiндеттерiн осы Ережеде белгiленген Кеңсенiң өкiлеттiктерiне сәйкес атқару кезiнде:
      - Үкiметтiң және оны Төралқасының отырыстарына, орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың өткiзетiн шараларына қатысуға;
      - орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың аппараттарының, ұйымдардың қызметкерлерiн Үкiмет қызметiнiң шеңберiнде туындайтын мәселелердi қарауға қатысуға тартуға, олардан заңдардың, жарлықтардың және үкiмет шешiмдерiнiң орындалуы жөнiнде қажеттi ақпарат, ұсыныстар мен қорытындылар сұрауға;
      - белгiленген тәртiппен басшылыққа қойылатын талаптарға жауап бермейтiн нормативтiк құжаттардың жобаларын пысықтауға қайтару туралы ұсыныс енгiзуге, сондай-ақ қарауы басқа органдардың немесе ұйымдардың құзыретiне кiретiн материалдарды қайтаруға;
      - Кеңсе Басшысының және оның орынбасарларының, бөлiмдер мен басқа құрылымдық бөлiмшелердiң басшыларының тапсырмасы бойынша Премьер-Министр Кеңсесi құзыретiнiң шеңберiнде өзге қажеттi өкiлеттiктердi жүзеге асыруға құқылы.
      20. Дербес баланстағы Премьер-Министр Кеңсесiнiң Республикалық мемлекеттiк өндiрiстiк-пайдалану бiрлестiгi: "Алматы", "Жетiсу", "Қазақстан" қонақ үйлерi филиалдарымен қоса қонақ үй шаруашылығы бiрлестiгi Премьер-Министр Кеңсесiнiң тiкелей бағынысында болады.
      Аталған ұйымдардың функциялары олар туралы тиiстi жарғылармен немесе ережелермен айқындалады.
      Ведомстволық бағыныстағы кәсiпорындардың басшыларын Премьер-Министр Кеңсесiнiң Басшысы тағайындайды.
      21. Осы ережеден туындайтын мәселелердi қарауды, әзiрлеудi және оның тәртiбiн Премьер-Министр Кеңсесiнiң Басшысы мен оның орынбасарлары реттейдi.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады