1. Он бес көмiр шахтасының: "Восточная" орталық байыту фабрикасының, стандартты емес жабдықтар мен шағын механикаландыру зауытының, сондай-ақ "Қарағандышахтакөмiр" мемлекеттiк кәсiпорнының өзге де аралас бөлiмшелерiнiң мүлiктiк кешенiн жекешелендiру туралы жабық тендердiң қорытындысы бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi мен "Испат-Кармет" акционерлiк қоғамы-тендер жеңiмпазы арасындағы Мүлiктiк кешеннiң сатып алу-сату шартын жасассын. Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң төрағасы Э.К. Утеповке Мүлiктiк кешеннiң сатып алу-сату шартына, сондай-ақ өзге де қажеттi шарттар мен құжаттарға Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң атынан қол қою өкiлдiгi берiлсiн.
Мүлiктiк кешеннiң сатып алу-сату шартында "Испат-Кармет" акционерлiк қоғамы "Қарағандышахтакөмiр" мемлекеттiк кәсiпорнының активтерiн сатып алады, iшкi және сыртқы мiндеттемелердi төлеу жөнiнде мiндеттемелерi болмайды, сондай-ақ кәсiпорындардың iшкi және сыртқы қарыздарының заңды құқықтық мұрагерлерi алдында мiндеттемелер алмайды деп көзделсiн.
3. Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi "Испат-Кармет" акционерлiк қоғамына мүлiктiк кешендi белгiленген тәртiппен берудi тiркесiн.
4. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi "Испат-Кармет" акционерлiк қоғамына берiлген активтердiң сақталуын қамтамасыз етсiн, кәсiпорындарды күзетудi ұйымдастыруға байланысты мәселелердi шешуде шарттық негiзде қажеттi көмек көрсетсiн.
5. Қазақстан Республикасының геология және жер қойнауын қорғау министрлiгi мен Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгi "Испат-Кармет" акционерлiк қоғамына барлауға және өндiруге лицензия берсiн, сондай-ақ сатып алу-сату шартында көзделген шарт бойынша барлауға және өндiруге арналған контракт жасассын.
6. Министрлiктер, ведомстволар және жергiлiктi атқарушы органдар
"Испат-Кармет" акционерлiк қоғамына қалыпты жұмыстарды бұзбастан мүлiктiк кешендi иеленуге, пайдалануға және iске қосуға қабылдау үшiн қажеттi жағдайлар жасасын. 7. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Премьер-Министрiнiң орынбасары Г.Г. Штойкке жүктелсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi