"Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң Кадет корпусын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығын жүзеге асыру жөнiндегi шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1996 жылғы 31 шiлде N 954

      "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң Кадет корпусын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 1 шiлдедегi N 3049 U963049_ Жарлығын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Оқу процесiнiң 1996 жылғы 1 қыркүйекте басталуын ескерiп Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң Кадет корпусы /бұдан әрi - Кадет корпусы/ оқушыларының бiрiншi легi "Ботагөз" санаторийында орналастырылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң Қазақстан Республикасы Су ресурстары жөнiндегi комитетiнiң балансындағы есепте тұрған "Ботагөз" санаторийының негiзгi қорларын белгiленген тәртiппен Кадет корпусын орналастыру үшiн, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң балансына беру туралы шешiмi бекiтiлсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi:
      1996 жылғы 1 қыркүйектен Кадет корпусында оқу процесiнiң басталуын қамтамасыз ететiн ұйымдастыру шараларын жүзеге асырсын;
      Кадет корпусының толық көлемдi объектiлерiнiң құрылысын салуға кiрiссiн, Кадет корпусының оқытушылары мен қызмет көрсетушiлерiне арналған тұрғын үйдi қоса, 180 оқушыға арналған объектiлердiң бiрiншi кезегiн 1997 жылы 1 қыркүйекте пайдалануға берiлуiн қамтамасыз етсiн;
      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң Кадет корпусы туралы ереженi, сондай-ақ санының кезеңмен өсуiн ескере отырып Кадет корпусының ұйымдық-штаттық құрылымын әзiрлеп, бекiтсiн;
      4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi:
      1996 жылға арналған республикалық бюджетте қорғаныс үшiн көзделген қаражат есебi мен шегiнде Кадет корпусын құруға және оның кешендi объектiлерiнiң құрылысын салуға байланысты шығындарды қамтамасыз етсiн;
      1997 жылға арналған республикалық бюджеттi әзiрлегенде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң негiзделген тапсырысы бойынша кешендi объектiлер құрылысын салу шығынының қаржыландыру көзiн анықтасын.
      5. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi Мемлекеттiк қорғаныс тапсырысын құрау кезiнде Кадет корпусының материалдық-техникалық жарақтануын ескерсiн.
      6. Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi Кадет корпусын жалпы бiлiм пәндерiнiң оқытушылары қатарынан бiлiктi кадрлармен жинақтауды, қажеттi оқу-әдiстемелiк құралдармен және әдебиеттермен қамтамасыз етуге көмек көрсетсiн.
      7. Көкшетау облысының әкiмi Щучинск қаласының құрылыс салынбаған сырт жағынан аумақ бөлу мәселесiн шешудi және Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi ұсынған бас жоспарының сызбасына сәйкес сәулеттiк-жоспарлы тапсырмасын берудi қамтамасыз етсiн.
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi 


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады