Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 19 желтоқсандағы N 1805 қаулысына өзгерту енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1996 жылғы 15 тамыз N 1014. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1996.12.27. N 1664 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      "Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат

жөнiндегi мемлекеттiк комитетi орталық аппаратының құрылымы туралы"
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 19 желтоқсандағы N 1805
қаулысына мынадай өзгерту енгiзiлсiн:
     Аталған қаулының "Қазақстан Республикасының Баға және
монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетi орталық
аппаратының құрылымы" қосымшасы қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда
бекiтiлсiн.

     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрi

                                     Қазақстан Республикасы
                                           Үкiметiнiң
                                     1996 жылғы 15 тамыздағы
                                       N 1014 қаулысына
                                            қосымша

        Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы
           саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетi орталық
                            аппаратының
                             ҚҰРЫЛЫМЫ

     Басшылық
     Мемлекеттiк және табиғи монополияларды реттеу бас басқармасы
     Монополияға қарсы заңдардың сақталуына қадағалау жөнiндегi бас
     басқарма
     Бәсекелестiк нарықты дамыту басқармасы
     Талдау, ақпарат және ұйымдық жұмыстар басқармасы
     Тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы
     Қаржы-экономика бөлiмi
     Жалпы бөлiм
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады