Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң мәселелерi

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 13 қыркүйек N 1117. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1997.05.23. N 874 қаулысымен. ~P970874

      "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң жекелеген мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 19 желтоқсандағы N 1812 қаулысына P951812_ сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi туралы қоса берiлiп

 

отырған Ереже бекiтiлсiн.

     2.



     ЕСКЕРТУ. 2-тармақ күшiн жойды - ҚРҮ-нiң 1996.12.27. N 1653

              қаулысымен. 


P961653_



     3. Қоса берiлiп отырған тiзбеге сәйкес Қазақстан Республикасы

Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылған деп танылсын.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрi

                                      Қазақстан Республикасы

                                            Үкiметiнiң

                                      1996 жылғы 13 қыркүйектегi

                                        N 1117 қаулысымен

                                               Бекiтiлген


         Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi туралы

                             Е Р Е Ж Е


             1. Жалпы ережелер



 
       1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi (Қазақстан Республикасының Қаржыминi) Қазақстан Республикасының бiртұтас мемлекеттiк қаржы саясатын әзiрлеудi және жүзеге асыруды үйлестiрушi және бақылаушы орталық атқарушы орган болып табылады.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi мемлекеттiк қаржыларға басшылықты жүзеге асырады, мемлекеттiк бюджет-салық саясаты мен салық салу жүйесiн жетiлдiрудiң экономикалық негiздемесiн әзiрлеуге қатысады, бюджеттiк қаражаттар жұмсаудың басым бағыттары мен сырттан қарыз алу көлемiн айқындайды, мемлекеттiң iшкi және сыртқы қарызын басқарады, мемлекеттiк және жергiлiктi қазына қаражаттарының мақсатты және тиiмдi пайдаланылуына қаржылық бақылауды ұйымдастырады, сондай-ақ мемлекеттiк кәсiпорындардың қаржы-шаруашылық қызметiн бақылауды жүзеге асырады.
      3. Министрлiктiң құрамына кiретiн ведомстволар мен олардың аумақтық бөлiмшелерi, әкiмдер аппараттарының қаржы басқармалары (бөлiмдерi), арнаулы экономикалық аймақтардың әкiмшiлiк кеңестерiнiң қаржыларын басқару органдары, сондай-ақ министрлiктiң орталық аппаратының департаменттерi, дербес басқармалары мен бөлiмдерi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң бiртұтас жүйесiн құрайды және республикалық бюджеттiң қаражаттары есебiнен ұсталады.
      4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Парламентi мен Үкiметiнiң актiлерiн, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
      5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi заңды тұлға болып табылады, банкте шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген, өзiнiң атауы қазақ және орыс тiлдерiнде жазылған мөрi мен бланкiлерi бар.
 
           2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң
                   негiзгi мiндеттерi мен қызметтерi
 
      6. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң бiртұтас мемлекеттiк қаржы саясатын жүзеге асыру жөнiндегi негiзгi міндеттерi:
      әлеуметтiк-экономикалық реформаларды жүзеге асыру мақсатында мемлекеттiк қаржыларды басқару;
      мемлекеттiң кiрiстерi мен шығыстарын экономикалық негiзделген жоспарлаудың негiзiнде алдағы қаржылық жылға арналған республикалық бюджеттiң жобасын жасау;
      макроэкономикалық көрсеткiштер мен мемлекеттiң ақша-кредит саясатының негiзiнде қысқа және орта мерзiмдiк келешекке арналған республиканың кiрiстерi мен шығыстары жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
      басым бағыттар бойынша шетел капиталын пайдалану саласындағы мемлекеттiк саясатты жүргiзу;
      қаржы-валюта және бюджеттiк-қаржылық жоспарлау мен реттеу әдiстерiн жетiлдiру;
      барлық меншiк нысандары мен қызмет түрлерiндегi заңды тұлғалардың, сондай-ақ жеке тұлғалардың мемлекеттiк қаржы тәртiбiн сақтауын бақылауды ұйымдастыру болып табылады.
      7. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес мынадай негiзгi қызметтердi атқарады:
      мемлекеттiң индикативтiк жоспарларының, жиынтық қаржы балансының жобаларын әзiрлеуге, республиканың экономикалық ведомстволарымен өзара iс-қимылда ақша айналысын нығайту және ұлттық валютаны тұрақтандыру жөнiнде шаралар белгiлеуге қатысады;
      мемлекеттiң қаржы ресурстарын басқаруға қатысады және бюджеттiк шығыстардың ұтымдылығы жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi;
      экономиканы қаржылық сауықтыру, бюджет тапшылығы мен мемлекеттiң iшкi және сыртқы қарызын қысқарту жөнiнде шаралар әзiрлеуге қатысады және Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыныстар енгiзедi;
      Қазақстан Республикасының Үкiметiне әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң бюджеттерiмен өзара қарым-қатынастарды айқындау жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;
      халықаралық қаржы ұйымдарымен, қаржы мәселелерi бойынша басқа мемлекеттермен келiсiмдер әзiрлеу және жасасу жөнiнде өзара iс-қимыл және ынтымақтастық ұйымдастырады;
      қаржы нарықтары инфрақұрылымының институттарын қалыптастыру мен олардың қызметiн реттеу жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi;
      қаржы заңдарының қолданылу практикасын жинақтап қорытады, оны жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi, өзiнiң құзыретiне жататын заң, нормативтiк-құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлеуге қатысады;
      шет елдерде жұмыс iстейтiндердi қосқандағы барлық меншiк нысандары мен қызмет түрлерiндегi заңды тұлғалардың қаржы-шаруашылық қызметiнде заңдардың сақталуын бақылауды ұйымдастырады және жүзеге асырады;
      басқа да мемлекеттiк органдармен бiрлесiп мемлекеттiң мүдделерiн, оның меншiгiне қол сұғудан қорғайды.
      8. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi мемлекеттiң бiртұтас қаржы-бюджет саясатын жүзеге асыру жөнiнде мынадай қызметтердi атқарады:
      әлеуметтiк-экономикалық дамуды қаржыландыру жөнiндегi көздердi болжамдауға және мемлекеттiң индикативтiк қаржы жоспарын әзiрлеуге қатысады;
      республикалық бюджеттiң жасалуы мен атқарылуын және жергiлiктi бюджеттермен және бюджеттен тыс мемлекеттiк қорлармен өзара қарым-қатынастардың реттелуiн ұйымдастырады;
      мақсатты кешендiк бағдарламаларды қаржыландыру тәртiбiн жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi;
      Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгiмен бiрлесе отырып, салық және кеден саясатын жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеп, оны Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзедi;
      мемлекеттiк және азаматтардың қаржы мүдделерiне қорғалуын ұйымдастырады;
      мемлекеттiк борыш мiндеттемелерiн шығаруды, орналастыруды және өтеудi жүзеге асырады, жергiлiктi займдар шығарудың шарттарын тiркейдi, мемлекеттiң iшкi қарыздарының есебiн жүргiзедi, мемлекеттiк бағалы қағаздарды тiркейдi, мемлекеттiк ақшалай-заттай лотереялардың ұтыс тираждарының өткiзiлуi мен өтелуiн ұйымдастырады, республикалық лотереялар өткiзудiң шарттарын айқындайды;
      бастапқы саудаластықта және қайталама iшкi нарықта бағалы металдармен операциялар жүргiзедi, сондай-ақ бағалы металдар мен асыл тастардың үкiметтiк резервiнiң есебiн жүргiзедi;
      банктер акцияларының мемлекеттiк пакетiн басқарады;
      республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң, сондай-ақ бюджеттен тыс қорлардың қаражаттары есебiнен жүзеге асырылатын әлеуметтiк, мәдени-тұрмыстық объектiлер мен тұрғын үй құрылысы жөнiнде ұсыныстар әзiрлеуге қатысады;
      институционалдық реформалар саласындағы мемлекеттiк саясатты айқындауға, мемлекет иелiгiнен алу, жекешелендiру және монополиялық қызметтi шектеу бағдарламаларын әзiрлеуге қатысады;
      бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдардың құрылымын жақсарту жөнiнде ұсыныстар әзiрлеуге қатысады, оларды ұстауға бөлiнетiн бюджеттiк қаражаттардың үнемдi және мақсатты жұмсалуын бақылауды жүзеге асырады;
      еңбекке ақы төлеу жүйесiн жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеуге қатысады;
      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi жүйесiнiң ұйымдары мен мекемелерiне мамандар қажеттiгiн айқындайды және оларды мамандармен қамтамасыз етедi, мамандар даярлау мен олардың бiлiктiлiгiн көтерудi ұйымдастырады, кадрларды iрiктеп, орналастыруды жүзеге асырады;
      заңдарға, нормативтiк және құқықтық актiлерге сәйкес бiртұтас қаржы-бюджет саясатын жүргiзу жөнiндегi басқа да қызметтердi, сондай-ақ министрлiктiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң тiкелей мiндеттерiн туындайтын және оның құзыретiне жататын қызметтердi жүзеге асырады.
      9. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi мемлекеттiң сыртқы экономикалық қызмет саласындағы қаржы-бюджет саясатын жүзеге асыру жөнiнде мынадай қызметтердi атқарады:
      республиканың экономикалық ведомстволарымен бiрлесе отырып мемлекеттiң сыртқы экономикалық қызметiнiң негiзгi бағыттарын тұжырымдауға, жиынтық валюталық жоспардың (төлем балансының) жобасын, министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң, ведомстволардың, ұйымдардың және жергiлiктi атқарушы органдардың валюталық жоспарларын, Қазақстанның шет елдермен есеп айырысуы жөнiндегi валюталық түсiмдер мен төлемдердiң жоспарын әзiрлеуге қатысады;
      сыртқы экономикалық байланыстардың, экспорт пен импорт құрылымының валюталық тиiмдiлiгiн арттыру, шет елдермен сыртқы экономикалық байланыстарды болжамдау, халықаралық шарттар мен келiсiмдердiң жобаларын қаржы тұрғысынан негiздеу, қосымша валюталық түсiмдердi анықтау және жұмылдыру, шетелдiк валютаны ұтымды пайдалану мен үнемдеу жөнiнде, қажеттi валюта және тауарлық резервтер жасау жөнiнде шаралар өткiзуге қатысады;
      экономикалық ведомстволармен бiрлесе отырып, шетелдiк инвестициялар мен кредиттердi тарту мен пайдалану саласында және республикаға кез келген өзге де нысанда экономикалық және қаржылық көмек көрсетуде мемлекеттiк саясатты айқындауға, сондай-ақ республика үшiн экономикалық, техникалық және қаржылық көмектiң қажеттiгi туралы айқындауға және ол туралы халықаралық ұйымдарды, донор-елдердi хабардар етуге қатысады;
      Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгiмен және Ұлттық банкiмен бiрлесе отырып мемлекеттiң сыртқы қарызының лимитiне талдау жасайды және оны айқындайды, сондай-ақ шетелдiк валютамен алынған кредиттер үшiн есеп айырысудың тәртiбiн жасайды;
      Қазақстан Республикасының дамуына Ресми көмек шеңберiнде берiлген бағдарламалық және жобалық займдарды тарту, пайдалану, мониторингi мен есептеу саласындағы үйлестiрудi жүзеге асырады;
      халықаралық тендерлер (конкурстар) өткiзедi және мемлекет кепiлдiгiне алынған займдар мен кредиттер шеңберiнде тауарлар мен қызметтер сатып алу жөнiндегi қызметтi үйлестiредi;
      сыртқы экономикалық қызмет және валюталық реттеу саласында заңдарға сәйкес басқа да қызметтердi, сондай-ақ министрлiктiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң тiкелей мiндеттерiнен туындайтын және оның құзыретiне жататын қызметтердi жүзеге асырады.
      10. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi қаржы-валюталық бақылауды жүзеге асыруға қатысты мынадай қызметтердi орындайды:
      валюталық қаражаттың толық түсуiне бақылау ұйымдастырады, экспорттық валюталық түсiмдi жасырып қалған адамдарға заңдарда белгiленген санкцияларды қолданады;
      мемлекеттiк меншiк нысанындағы бюджеттiк мекемелер мен ұйымдардың қаржы-шаруашылық қызметiне, олардағы ақша қаражаты мен тауарлық материалдық құндылықтардың сақталуына дүркiн-дүркiн тексерiстер мен тексерулер, мемлекет мүдделерiне қатысты басқа да қаржы мәселелерi жөнiнде тақырыптық тексерулер жүргiзедi;
      тексерiстер мен тексерулердiң материалдарын қорыту негiзiнде мемлекеттiк қаражатты, валюталық қаражатты қоса, ұтымды пайдалану, кәсiпорындардың, ұйымдардың және өзге де заңды тұлғалардың мемлекетпен арадағы қаржы қатынастарын, есеп жүргiзудiң әдiснамасы мен қаржы бақылауының ұйымдастырылуын жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi;
      қаржы-валюта бақылау саласында заңдарға сәйкес басқа да қызметтердi, сондай-ақ министрлiктiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң тiкелей мiндеттерiнен туындайтын және оның құзыретiне жататын басқа да қызметтердi жүзеге асырады.
 
          3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң
                            құқықтары
 
      11. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiне мемлекеттiк қаржы-бюджет саясатын жүзеге асыру жөнiнде жүктелген қызметтердi жүзеге асыру үшiн министрлiктiң;
      барлық заңды тұлғалардан бухгалтерлiк баланстар және салық салу құрамы мен объектiлерi туралы басқа материалдар, сыртқы займдар жөнiндегi келiсiмдер туралы ақпарат, бюджет жобаларын жасау, оның атқарылуын ұйымдастыру, мемлекет алдындағы қаржы мiндеттемелерiнiң орындалуына және мемлекеттiк қаржы тәртiбiнiң сақталуына қаржы-валюта бақылауды жүзеге асыруға, сондай-ақ министрлiкке және оның құрамына енетiн ведомстволарға жүктелген басқа да қызметтердi орындау үшiн қажеттi статистикалық және өзге де материалдар алуға;
      мемлекеттiк бюджеттен тыс қорларға қаражаттың келiп түсуiне қолданылып жүрген заңдарда айқындалған тәртiппен бақылау жасауды жүзеге асыруға;
      республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң кассалық атқару тәртiбiн айқындау және жергiлiктi бюджеттердiң уақытша кассалық алшақтықтарын жабуға несие беруге;
      ұйымдар бюджет қаражаттарын заңсыз және мақсатсыз жұмсаған жағдайда, сондай-ақ жұмсалған қаражаттар туралы есеп бермеген кезде қаражатты даусыз тәртiппен бюджетке өндiрiп алу (қайтарып алу), оларды республикалық бюджеттен қаржыландыруды шектеуге немесе тоқтата тұруға;
      министрлiктiң құзыретi шегiнде, қолданылып жүрген заңдар негiзiнде және оны орындау үшiн меншiк нысандарына, қызмет түрлерiне және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан барлық ұйымдардың орындауы үшiн мiндеттi болып табылатын нормативтiк актiлер, сондай-ақ қаржы-бюджеттiк жоспарлау мен қаржыландыру, салықтар мен бюджетке төленетiн мiндеттi төлемдердi есептеу мен өндiрiп алу, республикалық және жергiлiктi бюджеттiң атқарылуы жөнiнде есеп жүргiзу және есептiлiк тәртiбi, мемлекеттiк бағалы қағаздар шығару және олардың айналыста болу тәртiбi мәселелерi бойынша нұсқаулықтар, бұйрықтар мен нұсқамалар шығаруға құқықтары бар.
      12. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiнiң қаржы-валюта бақылауды жүзеге асыру жөнiнде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң мынадай құқықтары бар:
      қолданылып жүрген заңдарға сәйкес тексерiстер мен тексерулер жүргiзу, сондай-ақ санкциялар қолдану;
      бюджет, валюта-қаржы заңдарының бұзылуын жою туралы барлық тұлғалардың орындауы үшiн мiндеттi нұсқаулар беру;
      бюджеттiк және валюталық-қаржылық реттеу мәселелерi бойынша қолданылып жүрген заңдарға қайшы келетiн ведомстволық актiлердiң қолданылу күшiн тоқтата тұру.
      13. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң сыртқы экономикалық қызметтi реттеу жөнiнде мынадай құқықтары бар:
      шетелдiк займдар мен кредиттердi пайдаланған займ алушылардан алынған қаржылардың мақсатты пайдаланылуы туралы есептер, сондай-ақ мемлекет кепiлдiгiне берілген шетелдiк кредиттер мен займдар есебiнен сатып алынған тауар-материалдық құндылықтар мен технологиялардың пайдаланылуы туралы есептер сұрату және алу;
      мемлекет алатын сыртқы займдар туралы келiсiмдерге Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң тапсыруы бойынша Қазақстан Республикасының атынан мемлекет алған сыртқы займдар туралы келiсiмдерге қол қою және қолданылып жүрген заңдарға сәйкес сыртқы займдарға мемлекет кепiлдiгiн беру;
      министрлiктерден, мемлекеттiк комитеттерден және өзге де орталық атқарушы органдар мен ұйымдардан қаржы және техникалық көмек қаражаттарын игерудiң барысы туралы есептемелер алу;
      министрлiктiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттер мен өзге де орталық атқарушы органдардың жұмысына әдiстемелiк басшылық жасауды жүзеге асырып, оны үйлестiру.
      14. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi өзiне бағынысты ұйымдарды құру, қайта құру және тарату мәселелерiн белгiленген тәртiппен шешуге, сондай-ақ жергiлiктi атқарушы органдармен келiсiм бойынша қаржы жүйесiнiң жергiлiктi органдарын қайта құруды жүзеге асыруға құқылы.
      15. Қаржы министрi осы Ереженi орындау үшiн Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң мiндеттерi мен өкiлдiктерiн айқындайды.
 
           4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң
                       қызметiн ұйымдастыру
 
      16. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiн Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындап, қызметтен босататын Министр басқарады.
      Министрдiң орынбасарларын, оның құрамына кiретiн ведомстволардың басшыларын қолданылып жүрген заңдарда белгiленген тәртiппен Министрдiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi тағайындайды (босатады). Министрдiң орынбасарлары арасындағы мiндеттердi бөлiсудi Министр жүргiзедi.
      17. Мемлекеттiк қаржы саясатын жүзеге асыру жөнiндегi мiндеттердi шешу және қызметтердi жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiнде құрамында: министр (алқа төрағасы), министрдiң орынбасарлары, министрлiктiң құрамына кiретiн ведомстволардың басшылары (лауазымы бойынша), сондай-ақ министрлiктiң басқа да басшы қызметкерлерi бар алқа құрылады. Алқа мүшелерiнiң санын Республиканың Үкiметi, ал алқаның адам құрамын - Қазақстан Республикасының Қаржы министрi бекiтедi.
      Алқаның шешiмдерi Министрдiң бұйрықтарымен жүзеге асырылады. Алқаның мүшелерi арасында дауыс тең болған жағдайда шешiмдi алқа төрағасы қабылдайды.
      Қаржы министрi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi орталық аппаратының құрылымдық бөлiмшелерiне және оның аумақтық органдарына нұсқаулар бередi және олардың орындалуына бақылау жасауды ұйымдастырады.
      18. Мемлекеттiк қаржы саясатын жүргiзу жөнiндегi қызметтердi жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiнiң құрамына келiсiм бойынша министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң, басқа да мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың өкiлдерiн, сондай-ақ жекелеген ғалымдар мен мамандарды енгiзе отырып, әдiстемелiк (әдiснамалық) кеңестер, тұрақты қызмет iстейтiн және уақытша жұмыс топтарын құруға құқықтары бар.
      19. Бас салық инспекциясы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң жанындағы Қазынашылық, Қаржы-валюта бақылау комитетi және Шетел капиталын пайдалану жөнiндегi комитет туралы Ережелердi Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
      Министрлiктердiң орталық аппараты департаменттерi, дербес басқармалары мен бөлiмдерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң аумақтық бөлiмшелерi туралы Ереженi Қаржы министрi бекiтедi.
      Министр Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген адам саны мен еңбекке ақы төлеу қоры шегiнде министрлiктiң орталық аппаратының және оның құрамына кiретiн ведомстволардың штат кестесiн бекiтедi.
      20. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаржы-экономикалық қызметiн насихаттау, қаржы, бюджет, салық және кредит саласындағы кадрлардың теориялық және практикалық дағдыларын арттыру үшiн, сондай-ақ қаржы-құқық мәселелерi жөнiндегi консультациялық-әдiстемелiк және анықтамалық әдебиетпен қамтамасыз ету және оларды басып шығару үшiн Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң баспа органы мен полиграфиялық базасы болады.
 

                                      Қазақстан Республикасы



                                            Үкiметiнiң

                                      1996 жылғы 13 қыркүйектегi

                                        N 1117 қаулысына

                                               Қосымша



 
 
            Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң күшi жойылған
                         кейбiр шешiмдерiнiң
                               ТIЗБЕСI
 
      1. "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi туралы Ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 8 желтоқсандағы N 1225 P931225_ қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993ж., N 47, 576-құжат).
      2. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерiне өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 6 ақпандағы N 115 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгертулер мен толықтырулардың 24-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 5, 62-құжат).
      3. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiн өзгерту және күшi жойылған деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 9 маусымдағы N 809 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң өзгертулер енгiзiлетiн шешiмдерiнiң 5-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 20, 233-құжат).
      4. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгертулер енгiзу және кейбiреулерiнiң күшi жойылған деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 1 тамыздағы N 1058 қаулысының 1-тармағы.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады