Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң жекелеген мәселелерi

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 27 желтоқсан N 1653. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1997.04.28. N 674 қаулысымен. ~P970674

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi орталық аппаратының құрылымы 1-қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне Министрдiң 6 орынбасарын, оның iшiнде екi бiрiншi орынбасар, сондай-ақ 15 адамнан тұратын алқа ұстауына рұқсат етiлсiн.
      3. 2-қосымшаға сәйкес 20 қызметтiк жеңiл автомобиль лимитi белгiленсiн.
      4. Қазақстан Республикасы Экономика министрлiгiнiң жанындағы Экономикалық зерттеулер институтына осы институтқа 1997 және одан арғы жылдарға көзделген қаражат шегiнде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң өтiнiмдерi бойынша қаржы-бюджет проблемалары жөнiндегi ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау жүктелсiн.
      Қаржы министрлiгi Экономика министрлiгiмен бiрлесiп осы проблемалар бойынша зерттеулер тақырыптамасының бағытын айқындасын.
      5. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:
      "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң жекелеген

мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 19
желтоқсандағы N 1812  

P951812_

  қаулысы;
     "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 19 желтоқсандағы
N 1812 қаулысына өзгерту енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң 1996 жылғы 14 наурыздағы N 312  

P960312_

  қаулысы;
     "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң мәселелерi" туралы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 13 қыркүйектегi N 1117 
 

P961117_

  қаулысының 2-тармағы.

     Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрiнiң
      бiрiншi орынбасары
                                      Қазақстан Республикасы
                                            Үкiметiнiң
                                      1996 жылғы 27 желтоқсандағы
                                         N 1653 қаулысына
                                             1-қосымша

            Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi
                      орталық аппаратының
                           ҚҰРЫЛЫМЫ

     Басшылық
     Мемлекеттiк бюджет департаментi
     Әлеуметтiк сала департаментi
     Салық реформасы департаментi
     Мемлекеттiк активтердi басқару жөнiндегi департамент
     Заң қызметi департаментi
     Аппарат жұмысын ұйымдастыру жөнiндегi департамент
     Кiрiстердi болжамдау департаментi
     Қорғаныс кешенi және құқық қорғау органдары басқармасы
     Мемлекеттiк аппарат басқармасы
     Кадр және оқу орындары басқармасы
     Баспасөз қызметi
                                      Қазақстан Республикасы
                                            Үкiметiнiң
                                      1996 жылғы 27 желтоқсандағы
                                         N 1653 қаулысына
                                             2-қосымша

            Қызметтiк жеңiл автомобильдер санының лимитi

                                                   бiрлiк
     Барлығы                                         20
     оның iшiнде:
     Қаржы министрлiгiнiң орталық аппараты үшiн      8
     Қазынашылық орталық аппараты үшiн               4
     Қаржы-бақылау комитетiнiң орталық аппараты
     үшiн                                            4
     Сырттан қарыз алу жөнiндегi комитеттiң
     орталық аппараты үшiн                           4
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады