1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi:
Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгiнiң жанындағы "Қазақкино" мемлекеттiк компаниясының, қоса берiлiп отырған тiзбеге сәйкес, акционерлiк қоғамдар акцияларының мемлекеттiк пакетiн иелену, пайдалану және басқару құқығын тоқтатсын;
Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгiнiң жанындағы "Қазақкино" мемлекеттiк компаниясымен және Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен бiрлесiп бiр ай мерзiм iшiнде, Үкiметке;
Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне, қолданылып жүрген заңдарға сәйкес, сатуға берiлетiн кинотеатрлар мен кино өндiрiсi және кинопрокат салаларының мемлекеттiк объектiлерiнiң тiзбесiн;
жекешелендiруге жатпайтын және мемлекеттiк меншiкте қалатын кинотеатрлар мен кино өндiрiсi және кинопрокат салаларының мемлекеттiк объектiлерiнiң тiзбесiн айқындап, Қазақстан Республикасының Үкiметiне бекiтуге ұсынсын;
қоса берiлiп отырған тiзбеде көрсетiлген акционерлiк қоғамдардың акцияларының мемлекеттiк пакетiн Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне қолданылып жүрген заңдарға сәйкес сатуға берсiн.
2. "Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгi жанындағы "Қазақкино" мемлекеттiк компаниясы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 18 маусымдағы N 749 P960749_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 28, 246-құжат) мынадай өзгертулер енгiзiлсiн:
қаулының атауы мен мәтiндегi "кинокомпаниясының", "кинокомпаниясы", "мемкинокомпаниясы", "мемкинокомпаниясының" деген сөздер "компаниясының", "компаниясы", "мемкомпания", "мемкомпаниясының" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтың үшiншi абзацы алынып тасталсын;
аталған қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Мәдениет
министрлiгi жанындағы "Қазақкино" мемлекеттiк кинокомпаниясы туралы ереженiң атауы мен мәтiнiндегi "кинокомпаниясының", "кинокомпаниясы", "кинокомпаниясын", "мемкинокомпаниясы", "мемкинокомпаниясының" "мемкинокомпаниясын" деген сөздер "компаниясының", "компаниясы", "компаниясын", "мемкомпания", "мемкомпаниясының" "компаниясын" деген сөздермен ауыстырылсын. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 24 қыркүйектегi N 1164 қаулысына Қосымша Бұрын "Қазақкино" мемлекеттiк компаниясының құрылымында болған және акцияларының мемлекеттiк пакеттерi Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне қолданылып жүрген заңдарға сәйкес сатуға берiлетiн акционерлiк қоғамдардың ТIЗБЕСI _____________________________________________________________________ Атауы і Акциялардың мемлекеттiк і пакетiнiң мөлшерi, % _____________________________________________________________________ "Кинодеталь" АҚ 62 "Кинокомплект" АҚ 70 "Казкиноавтопром" АҚ 40 "Казахинфильм" АҚ 40