"Павлодарэнерго" республикалық мемлекеттiк кәсiпорынының құрылымдық бөлiмшелерiн қайта жаңғырту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 17 қазан N 1279

      "Электр энергетикасындағы жекешелендiру және қайта құрылымдау бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 30 мамырдағы N 663 P960663_ қаулысын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi қолданылып жүрген заңдарға сәйкес:
      Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгiмен бiрлесiп оның құрамынан "Павлодарэнерго" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын "Севказэнергоремонт" өндiрiстiк кәсiпорнының, Павлодар 2-ЖЭО-ның, Павлодар 3-ЖЭО-ның және аймақтық электрлiк және жылу тораптарының бөлу балансына сәйкес мүлiктiк кешендерiн бөлу жолымен қайта ұйымдастырсын;
      бiр ай мерзiм iшiнде мүлiктiк кешендер базасында акционерлiк қоғамдар құрсын;
      Павлодар облысының әкiмiне құрылған акционерлiк қоғамдардың

акцияларының мемлекеттiк пакеттерi иелену, басқару, пайдалану және
билiк ету құқығында берiлсiн.
<*>

     Ескерту. 1-тармақтың 4-абзацы жаңа редакцияда - ҚРҮ-нiң 1996.
              11.07. N 1355 қаулысымен.  

P961355_

 
     2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан 
Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк 
комитетiне жүктелсiн.
<*>

     ЕСКЕРТУ. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚРҮ-нiң 1996.11.07.
              N 1355 қаулысымен.  

P961355_

  
     
     
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады