Жамбыл облысының Жаңатас және Қаратау қалаларын дағдарыстан шығару жөнiндегi кезек күттiрмейтiн шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 22 қазан N 1292

      Жамбыл облысының Жаңатас және Қаратау қалаларын дағдарысты ахуалдан шығару және күзгi-қысқы кезеңге дайындық мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi:
      1997 жылға арналған республика бюджетiнiң жобасын қалыптастыру кезiнде Жамбыл облысы бюджетiнiң шығыс бөлiгiнде Жаңатас және Қаратау қалаларының инфрақұрылымдарын қолдауға арналған қаражат бөлудi ескерсiн;
      тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы объектiлерiн қысқа дайындау үшiн мемлекеттiк мiндеттемелердi орындаумен байланысты шығыстарға арналып, 1996 жылғы республика бюджетiнде көзделген қаржы есебiнен 1996 жылдың аяғына дейiн Жаңатасқа - 150 млн. теңге, Қаратау қаласына 15 млн. теңге бөлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгi Мемлекеттiк салық комитетiмен бiрлесiп Жамбыл облысының фосфор саласы тармағы "IBE Trade Corp" (АҚШ) фирмасының сыртқы басқару туралы контрактi шарттарының салықтар мен басқа да мiндеттi төлемдердiң бюджетке заңдарда көзделген мерзiмде түсуi жөнiндегi атқарылуын байыптасын және 1996 жылдың 30 қазанына дейiн нәтижелерi туралы Қазақстан Республикасының Үкiметiне баяндасын.
      3. Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгi, Жамбыл облысының әкiмi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен бiрлесiп Жаңатас қаласының "Жаңатас электр торабы" кәсiпорнын және Қаратау қаласының коммуналдық электр тораптарын "Жамбыл облыстық электр бөлу компаниясы" акционерлiк қоғамының балансына және Жаңатас қаласының газ шаруашылығы объектiлерiн "Жамбылалаугаз" акционерлiк қоғамының балансына өткiзсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен бiрлесiп зiлзала апатының нәтижесiнде қираған Жаңатас қаласындағы шағын қабатты құрылыстың қазандығындағы аккумулятор багiн қалпына келтiруге қаржы кезiн айқындасын және ағымдағы жылдың қазан айында 12,8 млн. теңге бөлу туралы ұсыныс енгiзсiн.
      5. Қазақстан Республикасының Жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Жаңатас және Қаратау қалаларының аумағындағы объектiлерге берiлген жеке меншiкке сатылатын жерлерге жартылай шөлейт және шөлейт аумақтарға орналасқан

селолық елдi мекендердiң жерлерiне төленетiн төлем ставкалары
бойынша бағалау жүргiзсiн.
     6. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Үкiмет Аппаратының
Аумақтық даму бөлiмi мен Қаржы, еңбек және ақша айналысы бөлiмiне
жүктелсiн.

     Қазақстан Республикасы
       Премьер-Министрiнiң
          орынбасары 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады