ЕСКЕРТУ. Кiрiспе өзгертiлдi және толықтырылды - ҚРҮ-нiң
1997.01.21. N 88 қаулысымен. P970088_
1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi республикалық бюджет пен Қазақстан Республикасының Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгi, Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгi, "Сельхозмаш", "Қазагрореммаш" акционерлiк компаниялары, "Кең дала", "Өнiм", "Трактор" (Ақтөбе қаласы) акционерлiк қоғамдары және ауыл шаруашылығы химиясы ұйымдары және Мемлекеттiк азық-түлiк контракт корпорациясының 1084 млн. (бiр миллиард сексен төрт миллион) теңге мөлшерiнде 1996 жылға арналған Ауыл шаруашылығын мемлекеттiк қаржылық қолдау қоры үшiн көзделген, пайдаланылмаған қаражаттардың шегiнде республикалық бюджетке төлемдер бойынша берешектерi бар ұйымдарының арасындағы берешектерге есептеме жүргiзсiн. <*>
Көрсетiлген сома ауыл шаруашылығы ұйымдарының 1996 жылы алынған мұнай өнiмдерi, электр және жылу энергиясы, техника мен босалқы бөлшектер өсiмдiк қорғау құралдары үшiн берешектерiн, сондай-ақ мемлекеттiк қорлардан берiлген астық қарызы бойынша берешектердi жабудың есебiне есептелсiн. <*>
ЕСКЕРТУ. 1-тармаққа өзгерiс пен толықтырулар енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң
1997.01.21. N 88 қаулысымен.
2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi, Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгi, Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгi, "Сельхозмаш", "Қазагрореммаш" акционерлiк компаниялары, "Кең дала", "Өнiм", "Трактор" (Ақтөбе қаласы) акционерлiк қоғамдары және ауыл шаруашылығы химиясы ұйымдарымен, Мемлекеттiк азық-түлiк контракт корпорациясы және әкiмшiлiктiк-аумақтық бiрлiктердiң әкiмдерi мақсатты шараларға Ауыл шаруашылығын мемлекеттiк қаржылық қолдау қорынан есепке қабылданатын қаражаттардың мөлшерiн айқындау мақсатында 1997 жылдың 13 қаңтарына дейiн 1996 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiнiң мұнай өнiмдерiн, электр және жылу энергиясын, техникалар мен босалқы бөлшектердi өсiмдiк қорғау құралдары берушi ұйымдарға берешектерiне, сондай-ақ берушi ұйымдардың Жер қойнауын қорғау және минералдық ресурстарды өндiру қорына төлемдер бойынша, заңды тұлғалардан табыс салығы, қосылған құн мен көрсетiлген (ренталық) төлемдерге, сондай-ақ акциздер бойынша, салық бойынша берешектерiне салыстыру жүргiзудi қамтамасыз етсiн. <*>
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгiмен, Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгiмен, "Сельхозмаш", "Қазагрореммаш" акционерлiк компанияларымен, "Кең дала", "Өнiм", "Трактор" (Ақтөбе қаласы) акционерлiк қоғамдары және ауыл шаруашылығы химиясы ұйымдарымен және
Мемлекеттiк азық-түлiк контракт корпорациясымен бiрлесiп Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiнiң келiсiмi бойынша салыстырудың материалдарын бекiту үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсынсын. <*> ЕСКЕРТУ. 2-тармаққа өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1997.01.21. N 88 қаулысымен. P970088_ Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi