Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 31 желтоқсандағы N 1750 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 21 қаңтардағы N 88

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      "Ауыл шаруашылығы үшiн материалдық-техникалық ресурстарды берушiлерге борыштарды iшiнара өтеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 31 желтоқсандағы N 1750 P961750_ қаулысына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      кiрiспедегi:
      "Кең дала" акционерлiк қоғамы" деген сөздер "Кең дала", "Өнiм", "Трактор" (Ақтөбе қаласы) акционерлiк қоғамдары және ауыл шаруашылығы химиясы ұйымдары" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "босалқы бөлшектер" деген сөздерден кейiн "өсiмдiк қорғау құралдары" деген сөздермен толықтырылсын;
      1-тармақтағы:
      "Кең дала", акционерлiк қоғамы" деген сөздер "Кең дала","Өнiм","Трактор" (Ақтөбе қаласы) акционерлiк қоғамдары және ауыл шаруашылығы химиясы ұйымдары" деген сөздерiмен ауыстырылсын;
      "босалқы бөлшектер" деген сөздерден кейiн "өсiмдiк қорғау құралдары" деген сөздермен толықтырылсын;
      2-тармақтағы "Кең дала" акционерлiк қоғамы" деген сөздер "Кең дала", "Өнiм", "Трактор" (Ақтөбе қаласы) акционерлiк қоғамдары және ауыл шаруашылығы химиясы ұйымдарымен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "босалқы бөлшектер" деген сөздерден кейiн "өсiмдiк қорғау

құралдары" деген сөздермен толықтырылсын;
     "көрсетiлген (ренталық) төлемдерге" деген сөздерден кейiн
"сондай-ақ акциздер бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;
     екiншi абзацтағы "Кең дала" акционерлiк қоғамымен" деген сөздер
"Кең дала", "Өнiм", "Трактор" (Ақтөбе қаласы) акционерлiк қоғамдары
және ауыл шаруашылығы химиясы ұйымдарымен" деген сөздермен
ауыстырылсын.

     Қазақстан Республикасы
       Премьер-Министрiнiң
       бiрiншi орынбасары
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады