1. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Ақпаратты қорғау жөнiндегi мемлекеттiк-техникалық комиссия таратылсын.
2. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанынан консультативтiк-кеңесшi орган - Қазақстан Республикасының Үкiметi жанындағы Ақпаратты қорғау жөнiндегi мемлекеттiк комиссия құрылсын.
Ескерту. Ақпаратты қорғау жөнiндегi мемлекеттiк комиссия
таратылды - ҚР Үкіметінің 1997.05.10. N 684 "ҚБПҮ"
қаулысымен. (РҚАО-ға түскен жоқ)
3. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары Дүйсенов Дүйсенбай Төлеубайұлы Қазақстан Республикасының Үкiметi жанындағы Ақпаратты қорғау жөнiндегi мемлекеттiк комиссияның төрағасы болып тағайындалсын.
4. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Аппараты бiр ай мерзiмде Қазақстан Республикасының Үкiметi жанындағы Ақпаратты қорғау жөнiндегi мемлекеттiк комиссия туралы ереженi әзiрлесiн және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына тапсырсын.
5. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 27 қазандағы N 903-33 қаулысының күшi жойылған деп танылсын.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi