Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және күші жойылды деп тану туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 7 маусымдағы N 708 қаулысы

      Қазақстан Республикасының " 1999 жылға  арналған республикалық бюджет туралы" 1998 жылғы 16 желтоқсандағы, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік заңды тұлғалары мәселелері жөніндегі кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 1998 жылғы 30 желтоқсандағы және "Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерін қаржыландыру мәселелері жөніндегі кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" 1998 жылғы 22 желтоқсандағы  Заңдарына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қоса беріліп отырған мыналар:
      1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың тізбесі;
      2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойған кейбір шешімдерінің тізбесі бекітілсін.
      2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар бұрын қабылданған шешімдерін осы қаулыға сәйкес келтірсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы    
Үкiметiнiң         
1999 жылғы 7  маусымдағы  
N 708 қаулысымен       
бекiтiлген          

  Қазақстан Республикасы Yкiметінiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың тiзбесi

      1. <*>
       Ескерту. 1-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.01.13.  N 32  қаулысымен .
      2. <*>
       Ескерту. 2-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.07.07. N  646  қаулысымен. 
      3. <*>
       Ескерту. 3-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.03.15. N  168  қаулысымен .
      4. <*>
       Ескерту. 4-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2003.04.28. N  407  қаулысымен. 
      5. <*>
       Ескерту. 5-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2003.10.08. N  1037  қаулысымен.

Қазақстан Республикасы    
Үкіметінің          
1999 жылғы 7 маусымдағы   
N 708 қаулысымен       
бекітілген          

  Қазақстан Республикасы Үкіметінің күшін жойған кейбір шешімдерінің Тізбесі

      1. "Қазақстан Республикасы Зейнетақы қорының есепшотына есептелген өсімнен түскен қаражатты есепке алу мен пайдалану тәртібі туралы Ережені бекіту жөнінде" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 2 маусымдағы N 771  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 20, 224-құжат).
      2. "Денсаулық сақтаудың емдеу-профилактикалық мекемелерінде ақылы медициналық және профилактикалық қызмет көрсетудің шарты мен тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 6 қарашадағы N 1460  қаулысы
      3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және күші жойылған деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 8 сәуірдегі N 505  қаулысымен  бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 7-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 15, 121-құжат).
      4. "Атқарушылық санкция ретінде түскен ақша қаражатын пайдалану тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 3 тамыздағы N 732  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 26, 222-құжат).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады