Торғай облысының әлеуметтiк-экономикалық жағдайын жақсарту жөнiндегi қосымша шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1997 жылғы 10 сәуiрдегi N 527

      "Қазақстан Республикасының 1996 жылғы экономикалық жағдайы және оны жақсарту жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 28 қаңтардағы кеңейтiлген мәжiлiсiнiң шешiмдерiн жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi:
      1) 1998 жылы республикалық бюджеттiң қаражаттары есебiнен, қайтарылмайтын негiзде қаржыландырылатын объектiлердiң тiзбесiн қалыптастыру кезiнде бизнес-жоспарлау ұсыну сәтiнен бастап бiр ай мерзiм iшiнде Торғай облысы бойынша мынадай объектiлердi:
      Қараторғай су жүргiзбесiн кеңейтудi;
      Есiл қаласы канализацияларының құрылысын енгiзудiң мүмкiндiгiн қарасын;
      2) бизнес-жоспарлар ұсынылған сәттен бастап бiр ай мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасының Энергетика және табиғи ресурстар министрлiгiмен бiрлесiп тұрақты инвесторларды iздестiрудiң немесе 1998 жылы Қазақстан Республикасы мемлекеттiк Экспорт-импорт банкiнiң несиелiк қаражаттарының есебiнен, қайтарылатын негiзде қаржыландырылатын басымдық объектiлердiң тiзбесiне мынадай жобаларды:
      Арқалық қаласындағы қуаты 10 МВт жел электростанциялары кешенiн;
      Арқалық ЖЭО қуаты 12 МВт N 3 турбоагрегаты қондырғысын енгiзудiң мүмкiндiгiн қарасын;
      3) екi айлық мерзiм iшiнде облыстардың әкiмдерiмен бiрлесiп:
      ас тұзы мен балықты қайта өңдеу, Торғай поселкiсiнде балық консервiлерiн өндiру;
      спирт өндiру;
      Красногор поселкесiнде сұйық шыны өндiру салаларында шағын және орташа бизнестi дамыту жөнiндегi инвестициялық жобаларды қарасын;
      4) 1997 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi, Iшкi iстер министрлiгi және Республикалық ұланы үшiн мемлекеттiк сатып алуды қалыптастыру кезiнде оның мамандануы мен көрсетiлген министрлiктермен ұзақ байланысын ескере отырып тендерлiк негiзде киiм-кешек тiгу жөнiндегi "Наталия" шағын жеке кәсiпорнының ұсынысын қарасын;
      5) Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi бiрлесiп "Армаш" акционерлiк қоғамының 2000 жылға дейiн ауыл шаруашылығы машиналарын жасауды дамытудың мемлекеттiк бағдарламасын жүзеге асыруға қатысу мүмкiндiгi туралы мәселенi қарасын;
      6) облыстық стандарттау орталығын газды, суды, жылу энергиясын есептеу аспаптарын тексеру жөнiндегi жұмыстарды жүргiзуге арналған жабдықтармен жарақтандыру жөнiнде шара қабылдасын.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi:
      1) бiр ай мерзiм iшiнде облыстың республикалық бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдарына берешектердi, бiрiншi кезекте коммуналдық қызметтер мен электр энергиясы үшiн, өтеу туралы мәселенi шешсiн;
      2) Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгiмен, Энергетика және табиғи ресурстар министрлiгiмен бiрлесiп канаданың "Уорлд Уайт Минералз" фирмасының құрамына N 4 Красногор руда басқармасы кiретiн "Тың тау-кен химия комбинаты" акционерлiк қоғамын басқаруға арналған келiсiм-шарт бойынша бюджетке және бюджеттiк емес қорларға төлемдер бойынша электр энергиясы үшiн берешегi бөлiгiнде өзiнiң мiндеттемелерiн орындауын қамтамасыз ету, рудниктi дамытудың одан арғы перспективаларын әзiрлеу мен келiсу және Красногор поселкесiнiң тыныс-тiршiлiгiн қамтамасыз ететiн объектiлердiң қалыпты жұмысын қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қабылдасын.
      3. Қазақстан Республикасының Энергетика және табиғи ресурстар министрлiгi, "Қазақойл" Ұлттық мұнайгаз компаниясы кен орындарын барлау және сирек жер элементтерi мен мұнайгаз өндiретiн құрылымдарды өнеркәсiптiк концентрациялау жөнiндегi геологиялық-барлау жұмыстарына республикалық бюджетте көзделген қаражаттардың есебiнен iздеу-барлау жұмыстарын жүргiзудiң мүмкiндiгiн қарасын.
      4. Қазақстан Республикасының Энергетика және табиғи ресурстар министрлiгi белгiленген тәртiппен олардың базасында отын-энергетика кешенiн құру арқылы Орлов және Қызылтал қоңыр көмiр кен орындарын игеруге арналған құқығын халықаралық тендерге шығарсын.
      5. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi:
      1) Мемлекеттiк ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорымен бiрлесiп белгiленген тәртiпте шаруа (фермерлiк) қожалығын дамыту, қой шаруашылығына қолдау көрсету үшiн және Ведомствоаралық кеңес бекiткен сметалардың шегiнде тұқым өсiру шаруашылықтарына асыл тұқым беру үшiн қаражаттар бөлу туралы мәселенi қарасын;
      2) Торғай облысының ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерiнiң тапсырысы бойынша, лимитке сәйкес 1997 жылы лизингтiк негiзде техникалық құралдарды берудi көздесiн.
      6. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi бiр ай мерзiм iшiнде Қалашы темiр жол станциясын ашу туралы мәселенi пысықтасын.
      7. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi бiр ай мерзiм iшiнде облыс әкiмдерiнiң сақтандыру жарналары бойынша Қазақстан Республикасының Зейнетақы қорына берешектерi мен ағымдағы төлемдердi өтеу кестесiн орындауы шартымен зейнетақы төлеу жөнiндегi кешiктiрiлген берешектердi өтеу үшiн қайтарылатын негiзде 120 млн. теңге бөлу мүмкiндiгiн қарасын.
      8. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi бiр ай мерзiм iшiнде Торғай облысының Степное поселкесiндегi әскери бөлiмшенiң босаған тұрғын жайларын пайдаланудың мүмкiндiгiн қарасын.
      9. Торғай облысының әкiмi:
      1) 1997 жылға арналған тереңдетiлген реформа жөнiндегi облыстық Iс-қимыл жоспарының орындалуын қамтамасыз етсiн;
      2) ауыл шаруашылығы өнiмдерiн терең қайта өңдеу жөнiндегi жаңа өндiрiстер құрудың есебiнен аймақтық өнеркәсiптiк әлеуетiн өркендету жөнiнде бағдарлама әзiрлесiн;
      3) 2000 жылға дейiн мал шаруашылығы салаларын тұрақтандыру және одан әрi дамыту жөнiнде кешендi аймақтық бағдарлама жасасын;
      4) 1997 жылы шаруашылықтардың вексельдiк бағдарлама, 1995-1996 жылдардағы тұқымдық және жем-шөптiк қарыздар бойынша астық саласындағы берешектерiн мемлекеттiк ресурстарға қайтаруын қамтамасыз етсiн;
      5) Ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiнiң жанар-жағармай материалдарын, запас бөлшектер мен техникалар алуына арналған шарттар жасасуына ықпал ететiн жағдайлар жасау жолымен 1997 жылы көктемгi дала жұмыстарын жүргiзу жөнiнде пәрмендi шаралар қабылдасын;
      6) банкроттық туралы қолданылып жүрген заңдарға сәйкес дәрменсiз мемлекеттiк (коммуналдық) кәсiпорындарды санациялау, қайта ұйымдастыру және тарату жөнiнде шаралар қабылдасын;
      7) 1997 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген болжамды сомаларды орындауға айрықша назар аудара отырып салықтардың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң түсуiне бақылауды күшейтсiн;
      8) бұрын билiк ету шектелген астықты, алынған қаражаттарды тиiстi деңгейлердегi бюджеттерге бағыттап, аукциондар арқылы сатуды жүзеге асырсын. Бюджеттiк мекемелердiң жалақы мен зейнетақылар бойынша берешектерiн өтеу және бұдан әрi оған жол бермеу жөнiнде шаралар қабылдасын.
      10. Бiр апта мерзiм iшiнде Торғай облысының әкiмiне Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервтiк қорынан су жайылуына қарсы шаралар мен авариялық-құтқару жұмыстарын жүргiзуге 10 млн. теңге бөлiнсiн.
      11. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары А.С.Павловқа жүктелсiн.
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады