Қостанай спирт зауытының мәселелерi

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1997 жылғы 23 сәуiр N 647

      Сыртқы инвестицияларды, озық технологияларды және басқарудың қазiргi заманғы әдiстерiн пайдалана отырып Қостанай спирт зауытының құрылысын аяқтау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк пен активтердi басқару департаментi заңдарда белгiленген тәртiппен:
      "Тағам" акционерлiк компаниясымен жасалған, Қостанай спирт зауытын басқару құқығына арналған 1996 жылғы 22 ақпандағы N 44/96 келiсiм-шартты бұзу жөнiнде шаралар қабылдасын;
      республиканың фосфор саласындағы шаруашылық серiктестiктерiнiң "ЛУКойл-Қазақстан" акционерлiк қоғамына берешектерiн ескере отырып, спирт өндiруге арналған кешендi импорттық жабдықты (Спейшим, Франция) мүлiктiк жалға алу шарты бойынша "ЛУКойл-Қазақстан" акционерлiк қоғамына берсiн.
      2. "Қостанай спирт зауытының құрылысын аяқтау және iске қосу жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 29 қаңтардағы N 116 қаулысының күшi жойылған деп танылсын.
     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады