Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 26 сәуірдегі N 665 қаулысына толықтыру енгізу және Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 17 тамыздағы N 912 қаулысының күші жойылған деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1998 жылғы 28 желтоқсан N 1346

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Шағын кәсіпкерлікті дамыту қорын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 26 сәуірдегі N 665 P970665_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 17, 152-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
      7-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасының шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігіне Қор акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығы берілсін".
      2. "Қазақстан Республикасында Кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың

 

1994-1996 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру

жөніндегі тапсырмалар мен шаралардың жоспары туралы" Қазақстан

Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 17 тамыздағы N 912 


P940912_



қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 35, 385-құжат)

күші жойылған деп танылсын.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі

  Оқығандар:

  Орынбекова Д.К.

  Қобдалиева Н.М.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады