Үкiметаралық қазақстан-украин сауда-экономикалық ынтымақтастығы жөнiндегi комиссияның қазақстандық жағының төрағасын тағайындау туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 5 маусымдағы N 928. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002.05.29. N 594 қаулысымен ~P020594

      1994 жылғы 17 қыркүйектегi Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Украина Үкiметiнiң арасындағы Еркiн сауда келiсiмiне сәйкес және Қазақстан мен Украина арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрi дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары Дүйсенов Дүйсенбай Төлеубайұлы үкiметаралық қазақстан-украин сауда-экономикалық ынтымақтастығы жөнiндегi комиссияның қазақстандық жағының төрағасы болып тағайындалсын.
      2. "Үкiметаралық қазақстан-украин сауда-экономикалық ынтымақтастығы жөнiндегi комиссияға қазақстан жағынан төраға тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 21 қыркүйектегi N 1275 қаулысының күшi жойылған деп танылсын.
     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады