Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң жекелеген мәселелерi

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 7 шiлдедегi N 1065

      Қазақстан Республикасының әскери соттарына басшылықты жақсарту және олардың жұмыстарының сапасын көтеру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң орталық аппаратының саны Әскери соттар басқармасы аппаратының санын қысқарту есебiнен 14 адамға көбейтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң тиiстi шығыс сметасын әскери соттардың шығыс сметасын азайту есебiнен көбейтсiн.
      3. "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 1 сәуiрдегi N 450 P970450_ қаулысына мынадай өзгерту енгiзiлсiн:
      2-тармақтағы "136" деген сан "150" деген санмен ауыстырылсын.
 

     Қазақстан Республикасының

          Премьер-Министрi



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады