Қазақстан Республикасы Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясының жанындағы Ұлттық аэроғарыш агенттiгi туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 3 сәуiр N 382. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1997.07.11. N 1096 қаулысымен. ~P971096

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясының жанындағы Ұлттық аэроғарыш агенттiгi:
      аэроғарыш қызметi саласындағы мемлекеттiк басқару органы болып табылады және өз қызметiн Қазақстан Республикасы Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясының келiсiмi бойынша жүзеге асырады;
      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Ұлттық аэроғарыш агенттiгiнiң барлық келiсiмдер мен шарттар бойынша да, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бұрыннан жүктелген мiндеттемелерi бойынша да құқықты мұрагерi болып табылады деп белгiленсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясының жанындағы Ұлттық аэроғарыш агенттiгi туралы ұсынылып отырған Ереже бекiтiлсiн.
      3. Қазақстан Республикасы Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясының жанындағы Ұлттық аэроғарыш агенттiгi аппаратының құрылымы осы аппарат қызметкерлерiнiң шектi санының негiзiнде 1-қосымшаға сәйкес 28 адам болып бекiтiлсiн.
      4. Қазақстан Республикасы Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясының жанындағы Ұлттық аэроғарыш агенттiгiне Бас директордың 2 орынбасары, оның iшiнде бiр бiрiншi орынбасары болуына рұқсат етiлсiн.
      5. Қазақстан Республикасы Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясының

 

жанындағы Ұлттық аэроғарыш агенттiгiнiң аппараты үшiн қызметтiк 3 жеңiл

автомобиль лимитi белгiленсiн.

     6. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң

2-қосымшаға сәйкес күшi жойылған деп танылсын.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрi


                                       Қазақстан Республикасы

                                             Үкiметiнiң

                                       1996 жылғы 3 сәуiрдегi

                                          N 382 қаулысымен

                                             БЕКIТIЛГЕН

         Қазақстан Республикасы Ғылым министрлiгi - Ғылым

     академиясының жанындағы Ұлттық аэроғарыш агенттiгi туралы

                           ЕРЕЖЕ

                      I. Жалпы ережелер


 
       1. Қазақстан Республикасы Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясының жанындағы Ұлттық аэроғарыш агенттiгi (бұдан әрi - Агенттiк) аэроғарыш қызметi саласында мемлекеттiк басқару органы болып табылады және өз қызметiн Қазақстан Республикасы Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясының келiсiмi бойынша жүзеге асырады.
      Агенттiк, Қазақстан Республикасы Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясының құзыретi шегiнде, Қазақстан Республикасы аумағында саланы ұйымдастыру қызметiн, аэроғарыш қызметiмен айналысатын шетелдiктердi қоса, мемлекеттiк реттеу мен үйлестiру мәселелерiн дербес жүзеге асырады.
      Агенттiк белгiленген тәртiппен шетелдiк әрiптестермен аэроғарыш жұмыстарын жүргiзу жөнiнде контрактiлер жасау мен оны орындау кезiнде мемлекет атынан өкiлеттi орган ретiнде қатысады.
      2. Агенттiк өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң, Қазақстан Республикасы Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясының актiлерiн, ғарыш және әуе кеңiстiгiн зерттеу мен пайдалану мәселелерi жөнiндегi халықаралық келiсiмдер мен шарттарды, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
      3. Агенттiк заңды тұлға болып табылады, дербес балансы, банктерде шоты, оның iшiнде валюталық шоты, фирмалық бланкiсi, Қазақстан Республикасының Елтаңбасы бейнеленген және өз атауы қазақ және орыс тiлдерiнде жазылған мөрi бар.
 
               II. Агенттiктiң негiзгi мiндеттерi
      4. Агенттiктiң негiзгi мiндеттерi:
      мемлекеттiк аэроғарыш саясатын әзiрлеу мен жүзеге асыру;
      Ресей Федерациясы жалға алған объектiлер құрамына кiрмейтiн, "Байқоңыр" кешенiнiң объектiлерiн қоса, ғылым, халық шаруашылығы, қауiпсiздiк және халықаралық ынтымақтастықты дамыту мүддесi үшiн Қазақстан Республикасының аэроғарыш инфрақұрылымының сақталуы мен ұтымды пайдалануын қамтамасыз ету;
      Ресей Федерациясы жалға алған "Байқоңыр" кешенiнiң объектiлерiнiң пайдалануы жағдайына және сақталуына бақылау жасау;
      ғарыш және әуе кеңiстiгiн зерттеу мен пайдалану саласында Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы органдарымен, ұйымдарымен және басқа мемлекеттермен өзара iс-қимыл жасау;
      Қазақстан Республикасының аумағындағы ракета-ғарыш техникалары қызмет ететiн аудандарда табиғатты қорғау шараларын орындауды ұйымдастыру;
      ғарыш және әуе кеңiстiгiн зерттеу және пайдалану жөнiнде мемлекеттiк, мемлекетаралық бағдарламалар мен жобаларды қалыптастыру мен жүзеге асыру;
      аэроғарыш, ракета-ғарыштық жүйелер мен аппараттарды, оның iшiнде түрлi мақсаттағы ұшатын аппараттарды жасау мен пайдалануға қатысатын ұйымдар мен кәсiпорындардың ғылыми-зерттеу және тәжiрибе-конструкторлық жұмыстарын мемлекеттiк реттеу мен үйлестiру;
      Қазақстан Республикасында ғарыш және әуе кеңiстiгiн игеру, аэроғарыш техникаларын пайдалану жөнiндегi жүргiзiлетiн жұмыстардың Қазақстан Республикасы заңының талаптарына халықаралық құқық нормаларына, мемлекетаралық келiсiмдер мен шарттарға сәйкес келуiн бақылау;
      Қазақстан Республикасында аэроғарыш қызметiн дамыту үшiн қажеттi құқықтық, экономикалық, экологиялық және ұйымдық нормалар мен жағдайлар жасау жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу болып табылады.
 
               II. Агенттiктiң негiзгi функциялары
      5. Агенттiк өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес және өз құзыретi шегiнде:
      мемлекеттiк аэроғарыш саясатын әзiрлейдi және жүзеге асырады;
      ғарыш және әуе кеңiстiгiн зерттеу мен пайдалану жөнiндегi мемлекетаралық бағдарламалар мен жобаларға, шетел инвестицияларында жүзеге асырылатын бағдарламалар мен жобаларға Қазақстан Республикасының қатысуы жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi және оларды жүзеге асыруға қатысады;
      нормативтiк құжаттар әзiрлейдi және аэроғарыш саласының қызметiн құқықтық реттеу мен осы саладағы мемлекеттiк саясатты iске асыру жөнiнде жұмыстар жүргiзедi;
      ғарыш және әуе кеңiстiгiн зерттеу мен пайдалану, түрлi мақсаттағы аэроғарыштық, ракеталық-ғарыштық жүйелердi жасау мен пайдалану саласында Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы органдарымен, ұйымдарымен және басқа мемлекеттермен өзара iс-қимылды iске асырады;
      аэроғарыш, ракеталық-ғарыштық жүйелер мен аппараттарды, оның iшiнде түрлi мақсаттағы ұшатын аппараттарды жасау жөнiндегi ғылыми-зерттеу және тәжiрибе-конструкторлық жұмыстарды үйлестiредi және реттейдi;
      аэроғарыштық қызметтiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiнде шаралар әзiрлейдi және iске асырады;
      аэроғарыштық техникаларды сертификаттау мен аэроғарыштық қызметтi лицензиялауды ұйымдастырады және iске асырады;
      мүдделi министрлiктермен, мемлекеттiк комитеттермен және өзгеде орталық атқарушы органдармен бiрлесiп Ресей Федерациясының Үкiметi немесе өкiлдi органдары жыл сайын ұсынатын ракета-ғарыш техникаларын "Байқоңыр" ғарыш айлағынан ұшыру жоспарларын қарайды және белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыныстар енгiзедi;
      аэроғарыш қызметi саласындағы мемлекетаралық және халықаралық ұйымдарда, ғылыми және басқа форумдарда, сауда-саттықта, аукциондар мен көрмелерде белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының мүддесiн бiлдiредi;
      ғарышкерлер даярлауды, аэроғарыш саласы үшiн кадрлар даярлау мен қайта даярлауды ұйымдастыру жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi;
      аэроғарыш ғылымы мен ғарышкерлiк ашылымдарының, жаңалықтары мен жетiстiктерiнiң, перспективалық ғарыштық технологиялардың, техникалар мен материалдардың ақпараттық-технологиялық банкiн құрады және оларды халық шаруашылығының мүддесiне пайдалануға жәрдемдеседi;
      аэроғарыш ғылымының, техника мен ғарышкерлiктiң жетiстiктерiн насихаттайды, ғарыш және әуе кеңiстiгiн зерттеу мен пайдаланудағы Қазақстан Республикасының мақсаттары мен жетiстiктерiн бұқаралық ақпарат құралдары және арнаулы басылымдар арқылы жарнамалайды;
      "Байқоңыр" ғарыш айлағының мүлiктiк және шаруашылық мәселелерiн белгiленген тәртiппен шешедi;
      мемлекеттiк аэроғарыш бағдарламалары шегiнде, оның iшiнде салалық инвестициялық бағдарламаларды, аэроғарыш инфрақұрылымы объектiлерiн пайдалану, конверсиялау және қайта жаңғырту жөнiндегi бағдарламалар мен жобаларды әзiрлейдi және жүзеге асырады;
      1994 жылғы 10 желтоқсандағы "Байқоңыр" кешенiн жалға алу Шарты бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы үйлестiру жұмысын iске асырады.
 
               IҮ. Агенттiктiң негiзгi құқықтары
      6. Агенттiктiң:
      Агенттiк жүргiзуге қатысты сала ұйымдары, сондай-ақ өзге де заңды және жеке тұлғалар орындауға мiндеттi мәселелер бөлiгiнде өз құзыретi шегiнде бұйрықтар, нұсқамалар, әдiстемелiк нұсқаулар мен басқа да нормативтi актiлер шығаруға және олардың орындалуын тексеруге құқылы. Қажет болған жағдайда басқа министрлiктермен, мемлекеттiк комитеттермен және өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдармен бiрлескен актi шығаруға;
      өз құзыретi шегiнде саланың шаруашылық жүргiзушi субъектiлерi арасындағы даулы мәселелердi шешуге;
      аэроғарыш саласының құрамына кiретiн кәсiпорындар мен ұйымдардың мемлекеттiк мүлкiн иелену, пайдалану және билiк ету құқықтары мәселелерiн белгiленген тәртiппен шешуге;
      Қазақстан Республикасы министрлiктерiнен, мемлекеттiк комитеттерiнен және өзге де орталық атқарушы органдары мен кәсiпорындарынан аэроғарыш қызметiне қатысты ақпараттық-анықтамалық материалдар мен ведомстволық актiлердi сұратуға және оны пайдалануға;
      Қазақстан Республикасының аэроғарыш және онымен сабақтас объектiлерiнiң базасында, оның iшiнде шетелдiк әрiптестер мен инвесторлардың қатысуымен түрлi нысандағы заңды тұлғалар құру туралы ұсыныстар даярлауға және оны белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзуге;
      кәсiпорындардың, мекемелердiң, ұйымдардың ерiктi жарналары есебiнен құрылатын және аэроғарыш бағдарламалары мен жобаларын жүзеге асыруға, жаңа аэроғарыш технологиялары мен техникаларын құруға бағытталған қорлар ұйымдастыруға және оларға қатысуға;
      аэроғарыш қызметi саласындағы тұжырымдамалар, бағдарламалар мен жобалар әзiрлеуге контракт негiзiнде ғалымдар мен мамандар, оның iшiнде басқа мемлекеттен ғалымдар мен мамандар тартуға;
      аэроғарыш саласының проблемалары бойынша ғылыми-техникалық және арнайы форумдарға қатысуға және оны өткiзуге құқығы бар.
 
               Ү. Агенттiк басшылығы
      7. Агенттiктi Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясының ұсынуымен Қазақстан Республикасының Үкiметi тағайындайтын Бас директор басқарады.
      Агенттiктiң Бас директорының екi орынбасары, оның iшiнде бiр бiрiншi орынбасары болады, оларды Агенттiктiң Бас директорының ұсынуымен Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясы тағайындайды.
      Агенттiктiң Бас директоры Агенттiктiң Бас директоры орынбасарларының арасындағы мiндеттердi бөледi.
      "Байқоңыр" ғарыш айлағын басқарма бастығы - Агенттiктiң Бас директорының орынбасары басқарады.
      8. Агенттiктiң Бас директоры Қазақстан Республикасының Ғылым

 

министрлiгi - Ғылым академиясы алқасының мүшесi болып табылады.

     9. Агенттiктiң Бас директоры Қазақстан Республикасы Ғылым

министрлiгi - Ғылым академиясының келiсiмi бойынша Агенттiктiң

ғылыми-техникалық кеңесiн басқарады, оның Ережесi мен құрамын бекiтедi.

     10. Бас директор Қазақстан Республикасы Ғылым министрлiгi -

Ғылым академиясының келiсiмi бойынша Агенттiктiң штат кестесiн, оның

құрылымдық бөлiмшелерi туралы ереженi бекiтедi, Агенттiк

қызметкерлерiн адам саны мен еңбек ақы қорының белгiленген лимитi

шегiнде жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады.


                                       Қазақстан Республикасы

                                           Үкiметiнiң

                                       1996 жылғы 3 сәуiрдегi

                                          N 382 қаулысына

                                            1-ҚОСЫМША

              Қазақстан Республикасы Ғылым министрлiгi -

            Ғылым академиясының жанындағы Ұлттық аэроғарыш

                       агенттiгi аппаратының

                           ҚҰРЫЛЫМЫ

     Ұлттық, мемлекетаралық аэроғарыштық бағдарламалар мен

     халықаралық ынтымақтастық бөлiмi


     Ғарыштық, ақпараттық технологиялар мен лицензиялау бөлiмi


     Қаржы және iс жүргiзу бөлiмi


     "Байқоңыр" ғарыш айналған басқару (Байқоңыр қаласы)


                                       Қазақстан Республикасы

                                            Үкiметiнiң

                                       1996 жылғы 3 сәуiрдегi

                                          N 382 қаулысына

                                           2-ҚОСЫМША

              Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң

          күшi жойылған кейбiр шешiмдерiнiң тiзбесi


 
       1. "Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық аэроғарыш агенттiгi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 12 мамырдағы N 384 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 17, 199-бап).
      2. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi жанындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық аэроғарыш агенттiгi орталық аппаратының құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 29 қарашадағы N 1326 P941326_ қаулысы.
      3. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi жанындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық аэроғарыш агенттiгiнiң жекелеген мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 11 шiлдедегi N 944 қаулысы.
      4. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 12 мамырдағы N 384 P930384_ қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 13 қыркүйектегi N 1260 P951260_ қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 30, 378-бап).
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады