Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Әзiрбайжан Республикасы Үкiметiнiң арасындағы Жастар және спорт саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмдi бекiту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1997 жылғы 16 шiлдедегi N 1119

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. 1996 жылғы 16 қыркүйекте Баку қаласында қол қойылған

 

Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Әзiрбайжан Республикасы

Үкiметiнiң арасындағы Жастар және спорт саласындағы ынтымақтастық

туралы келiсiм бекiтiлсiн.

     2. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi Қазақстан

Республикасы Үкiметiнiң осы мәселе бойынша қабылдаған шешiмiн

Әзiрбайжан Тарапына хабарласын.


     Қазақстан Республикасы

       Премьер-Министрiнiң

       бiрiншi орынбасары


           Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Әзiрбайжан

            Республикасының Үкiметi арасындағы Жастар және

                спорт саласындағы ынтымақтастық туралы

                               КЕЛIСIМ



 
       Бұдан әрi қарай "Тараптар" деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Әзiрбайжан Республикасының Үкiметi,
      екi уағдаласушы Тараптың арасындағы қарым-қатынастарды нығайтуда өз ниеттерiн растай отырып және осы елдер халықтары арасындағы дәстүрлi достық байланыстарды дамытуға тiлек бiлдiре отырып,
      жастар және спорт саласында тығыз қарым-қатынастар мен

 

ынтымақтастық орнату жас ұрпақ арасында туыстық қарым-қатынастардың

нығаюына жәрдемдесетiнiне және олардың арасындағы өзара

түсiнiстiктiң күшеюiне қызмет ететiнiне кәмiл сене отырып,

     мына төмендегiлер жөнiнде келiстi:


                            1-бап


     Тараптар жастар байланыстарының нығаюы мен дамуына және екi

елдiң жастар ұйымдары арасындағы ынтымақтастық үшiн қолайлы

жағдайлар жасауға жәрдемдеседi.


                            2-бап



 
       Тараптар спорт ұйымдарының арасындағы ынтымақтастыққа және олардың екi елде өткiзiлетiн спорт шараларына қатысуына жәрдемдеседi.
 
                             3-бап
 
      Тараптар олардың арасындағы жастар және спорт саласындағы байланыстар мен ынтымақтастықты дамытуға негiзiнен мыналар арқылы жәрдемдесетiн болады:
      а) мекемелер мен ұйымдар, сондай-ақ үкiметтiк емес ұйымдар және жастар мен спорт саласында қызмет көрсететiн жеке тұлғалар арасындағы ынтымақтастыққа, байланыстар мен өзара алмасуларға жағдайлар жасау;
      б) бiрлескен жастар және спорт шараларын өткiзу үшiн және жәрдем көрсету үшiн екiншi Тараптың жағдайларымен және мүмкiндiктерiмен танысу;
      в) жастар және спорт саласында оқыту әдiстемесi мен басқа да материалдар, бiрлескен бағдарламалар дайындау және оларды жүзеге асыру жөнiндегi ынтымақтастыққа және өзара алмасуға жағдайлар жасау;
      г) бiрлескен шараларды өткiзу үшiн қаржы мен керек-жарақтар бөлу.
 
                             4-бап
 
      Тараптар, өздерi мүдделiлiк танытып отырған мәселелер алмасуды қоса алғанда жастар және спорт проблемаларымен айналысатын зерттеу ұйымдарының немесе орталықтарының арасындағы тiкелей байланыстарды дамыту үшiн жағдайлар жасайды және жәрдемдеседi.
 
                             5-бап
 
      Тараптардың әрқайсысы өзiнiң мақсаты осы Келiсiмнiң ережелерiн өз аумағында жүзеге асыру болып табылатын қызметтi ұйымдастыру үшiн ақпарат қызметiн құруға жәрдемдесетiн болады және өз елiнiң заңдары шеңберiнде осы қызметтiң атқарылуына жағдайлар жасайды. Ақпарат қызметi жастар және спорт саласындағы проблемалар жөнiнде шыққан газеттер, журналдар, кiтапшалар алмасуды, сондай-ақ асы саладағы

 

баспа ұйымдары арасындағы тiкелей ынтымақтастықты қамтиды.


                            6-бап


     Тараптар спорт құрал-жабдықтары мен мүкәммалын шығару, спорт

ғимараттарын жоспарлау, салу, жаңғырту және пайдалану саласындағы

ынтымақтастыққа жәрдемдесетiн болады, жарыстар мен оқу-жаттығу

жиындарын өткiзуге және спортшылар мен жаттықтырушылар алмасуға

жағдай жасайды.


                            7-бап


     Тараптар осы Келiсiмдегi салаларды қамтитын фестивальдарға,

конференцияларға, симпозиумдарға, семинарларға, конкурстарға,

көрмелерге, кездесулерге, жиындарға және турнирлерге қатысуға

жәрдемдеседi.


                            8-бап


     Осы Келiсiмде қамтылған қызметтiң барлық түрлерi. Тараптардың

қолданыстағы заңдары мен басқа да заң актiлерiне сәйкестендiрiлуi

және жүзеге асырылуы тиiс.


                            9-бап



 
       Тараптардың өкiлеттi уәкiлдерi қажет болған жағдайда немесе екiншi Тараптың өтiнiшi бойынша осы Келісiмдi қарау үшiн және iске асыру үшiн кездесетiн болады.
 
                             10-бап
 
      Келiсiм оның күшiне енуi үшiн қажеттi iшкiмемлекеттiк

 

процедураларды Тараптардың әрқайсысының орындағаны туралы соңғы

мәлiмдеме алынған күннен бастап күшiне енедi.

     Бiр Тарап екiншi Тараптың осы Келiсiм қолданысын тоқтатқысы

келетiндiгi туралы жазбаша мәлiмдемесiн алған күннен кейiн алты

айдан соң Келiсiм өз күшiн жояды.

     Баку қаласында 1996 жылғы 16 қыркүйекте екi түпнұсқа данада,

әрқайсысы қазақ, әзiрбайжан және орыс тiлдерiнде жасалды. Барлық

мәтiндердiң күшi бiрдей.


     Қазақстан Республикасының        Әзiрбайжан Республикасының

          Үкiметi үшiн                       Үкiметi үшiн





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады