Акцизделетiн тауарларды таңбалаудың тәртiбiн жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
"Акцизделетiн тауарларды жаңа үлгiдегi акциздiк алым маркаларымен мiндеттi түрде таңбалауды енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 31 желтоқсандағы N 1749 қаулысына P961749_ (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 53, 5181-құжат) мынадай өзгерiс пен толықтыру енгiзiлсiн:
2-тармақтың үшiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"1997 жылғы 1 қазаннан бастап 1-қосымшаға сәйкес темекi
өнiмдерiн және 2-қосымшаға сәйкес акцизделетiн тауарларды";
5-тармақтың екiншi абзацы мынадай мазмұндағы сөйлемдермен
толықтырылсын:
"Акциз ставкаларындағы елеулi айырмашылықты ескере отырып,
шараптар мен күшейтiлген сусындарға арналған жеке акциздiк таңбалар
жасау көзделсiн".
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
бiрiншi орынбасары