1. "Қазақстан Республикасының Президентi Iс Басқармасының Автошаруашылығы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (бұдан әрi - кәсiпорын) құрылсын.
2. Мемлекеттiк басқарудың уәкiлеттi органы, сондай-ақ Кәсiпорынға қатысты мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асыратын орган болып Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс Басқармасы белгiленсiн.
3. Кәсiпорынның негiзгi мiндетi Қазақстан Республикасының жоғары және орталық органдарына автокөлiк қызметiн көрсету болып белгiленсiн.
4. Уәкiлеттi орган белгiленген тәртiппен Кәсiпорынның жарғылық қорын қалыптастырсын және оның жарғысын бекiтсiн.
5. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi заңдарда белгiленген тәртiппен Кәсiпорынды мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асырсын және Қазақстан Республикасының Үкiметiне осы қаулыға сәйкес Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiне толықтыру енгiзу туралы ұсыныс енгiзсiн.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi