1. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкiнiң "Рахат Палас" бес жұлдызды қонақ үйi құрылысының жобасы бойынша "Рахат" бiрлескен кәсiпорнының борышын қайта қаржыландыру мен қайта құрылымдау үшiн Австрия несие желiсi шеңберiнде қысқа мерзiмдi несие тарту туралы ұсынысы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi мен мемлекеттiк Экспорт-импорт банкi Қазақстан Республикасының кепiлдемесiмен қысқа мерзiмдi несие тарту жөнiндегi ұсыныстарды iрiктеу үшiн инвесторлар арасында белгiленген тәртiппен тендер өткiзсiн.
3. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi "Рахат" бiрлескен кәсiпорнының борышын қайта құрылымдауға байланысты Қазақстан Республикасының кепiлдi мiндеттемелерiн қайта ресiмдеудiң құқықтылығына заңдық бағалауды Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне тапсырсын.
4. Тендердiң нәтижелерi бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкi несиегермен(лермен) Қазақстан Республикасының атынан келiсiм жасассын және тартылып отырған несиеге қызмет көрсетудi жүзеге асырсын.
5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Әдiлет министрлiгiмен бiрлесiп Қазақстан Республикасының кепiлдiктi мiндеттемелерiн қажеттi қайта ресiмдеудi жүргiзсiн.
6. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан
Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкiмен және "Рахат" бiрлескен кәсiпорнымен тиiстi келiсiмдер жасассын. 7. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне жүктелсiн. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң мiндетiн атқарушы