Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. "Қарудың жекелеген түрлерi айналымын мемлекеттiк бақылау
туралы" Қазақстан Республикасы Заңын жүзеге асыру жөнiндегi шаралар
туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 2
ақпандағы N 110 қаулысына
мынадай толықтыру енгiзiлсiн;
көрсетiлген қаулыға "Қазақстан Республикасындағы қарудың
жекелеген түрлерi айналымының тәртiбi" деген 1-қосымша мынадай
редакциядағы 19-л қосымшамен толықтырылсын:
19-л қосымша
Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметi
Шаруашылық басқармасының аңшылық шаруашылықтары
қызметкерлерiнiң қарулануы үшiн белгiленген қарулар
мен оқ-дәрiлердiң
НОРМАЛАРЫ
___________________________________________________________________
Аңшылық шаруашылықтардың | Қарудың түрi
қызметкерлерi |_________________________________________
|Пистолет Карабин Тегiс ұңғылы
|(револьвер) (винтовка) мылтық
___________________________________________________________________
1 | 2 | 3 | 4
___________________________________________________________________
Директор | 1 немесе 1 -
Бас аңшы | 1 1 -
Бас орманшы | 1 1 -
Табиғатты қорғау жөнiндегi
жетекшi инженер-инспектор| 1 - -
Орман қорғау инженерi | 1 - -
Орманшы, орманшының | 1 1 -
көмекшiсi |
Аңшылық учаскесiнiң | 1 1 немесе 1
бастығы |
Орман шеберi | 1
Ихтиолог, балық | 1 немесе 1 -
учаскесiнiң бастығы |
Орманшы | - - 1
Аға қорықшы, қорықшы | 1 немесе 1
Күзет жөнiндегi жұмысшы | постыға 1
Бақташылар, шопандар | 1
Аға омарташы, омарташы | омартаға 1
Ескерту:
Қарудың резервi - қаруындағы әрбiр 10 бiрлiкке 1 қарудан.
Көрсетiлген аңшылық шаруашылықтарда қосымша 5 бiрлiк тегiс
ұңғылы және 5 бiрлiк иiр ойықты аңшы қаруына рұқсат етiледi.
Оқ-дәрiлердiң саны iшкi iстер органдарымен келiсiм бойынша
сатып алынады.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi