Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгi Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi комитетiнiң мәселелерi

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 18 желтоқсан N 1779. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1998.08.05. N 743 қаулысымен. ~P980743

      "Қазақстан Республикасында мемлекеттiк басқарудың пәрмендiлiгiн одан әрi арттыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 10 қазандағы N 3655 U973655_ Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгiнiң Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi комитетi туралы ереже бекiтiлсiн.
      2. Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi комитет орталық

аппаратының құрылымы қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
     3. Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi комитет аумақтық
органдары аппаратының шектi штат саны 423 адам болып және 15
қызметтiк жеңiл автомобиль лимитi белгiленсiн.

     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрi

                                       Қазақстан Республикасы
                                             Үкiметiнiң
                                    1997 жылғы 18 желтоқсандағы
                                          N 1779 қаулысымен
                                             бекiтiлген

         Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және
       реформалар жөнiндегi агенттiгiнiң Баға және монополияға
        қарсы саясат жөнiндегi комитетi (Монополияға қарсы
                           комитет) туралы

                                ЕРЕЖЕ



      Миссиясы - еркiн бәсекелестiктi ынталандыру, монополиялық қызметтi шектеу, адал емес бәсекелестiктiң жолын кесу, табиғи монополиялардың қызметiн мемлекеттiк реттеу, тұтынушылардың құқықтары мен мүдделерiн қорғау.

                           I. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгiнiң Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi комитетi (бұдан әрi - Комитет) - Қазақстан Республикасының дербес арнайы атқарушылық және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттiк органы болып табылады.
      2. Комитет өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiн, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары мен келiсiмдерiн, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
      3. Комитет - заңды тұлға болып табылады, Қазақстан

Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген және өзiнiң атауы
мемлекеттiк тiлде жазылған мөрi бар.
     4. Комитеттiң аппаратын және оның аумақтық органдарын ұстауға
арналған шығыстарды қаржыландыру республикалық бюджетте орталық
атқарушы органдарды ұстауға көзделген қаржының есебiнен жүзеге
асырылады.

                          II. Басымдықтары

     5. Комитеттiң басымдықтары:
     баға, бәсекелестiктi дамыту, монополистiк қызметтi шектеу,
тұтынушылардың құқықтары мен мүдделерiн қорғау саласында мемлекеттiк
саясатты әзiрлеп, iске асыру;
     монополияға қарсы заңның сақталуын қадағалау;


      табиғи монополия субъектiлерi мен мемлекеттiк органдардың тауарларға, жұмыстар мен қызмет көрсетулерге бағалары мен тарифтерiн реттеу.

                        III. Негiзгi мiндеттерi

      6. Комитеттiң өз қызметiнiң саласындағы негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады:
      монополиялық қызметтiң, оның нарықтағы үстем жағдайын терiс пайдалануының алдын алу және оған жол бермеу, адал емес бәсекелестiктiң алдын алу және жолын кесу жөнiнде шаралар қолдану;
      тауар және қаржы нарықтарында жекелеген шаруашылық субъектiлерiнiң үстем болу деңгейiн бақылау;
      табиғи монополия және мемлекеттiк органдар көрсететiн қызметтер саласында баға мен тариф белгiлеудiң орынды әдiстерiн әзiрлеп, енгiзу;
      тұтынушылардың мүдделерiн қорғау және тұрғын үй-коммуналдық реформалар жүргiзу жөнiнде заңдардың жобаларын және нормативтiк құқықтық актiлер енгiзу.

                      IV. Комитеттiң функциялары

      7. Комитет өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес:
      үстем жағдайға ие, бәсекелестiктi шектейтiн және монополиялық қызметтi жүзеге асыратын шаруашылық жүргiзушi субъектiлерiн анықтау мақсатында нарыққа талдау жүргiзедi;
      нарық жұмысына және бәсекелестiктi дамытуға қатысты заң жобалары мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге сараптаманы жүзеге асырады;
      Қазақстан Республикасының Президентiне, Қазақстан Республикасының Парламентiне, Қазақстан Республикасының Үкiметiне нарықтың жағдайы мен ондағы бәсекелестiк туралы баяндамалар, монополияға қарсы заңдар мен оларды қолданудың практикасын жетiлдiру туралы ұсыныстар жолдайды;
      өзара алмастырылатын тауарлар мен қызмет көрсетулер нарықтары тұтынушыларының қолы жетерлiк шегiн айқындайды;
      нарықта шаруашылық жүргiзушi субъектiлер үшiн iс жүргiзу ережелерiн әзiрлейдi және енгiзедi;
      монополияға қарсы заңдардың сақталуын қадағалауды жүзеге асырады;
      монополияланған тауар және қаржы нарықтарын монополиясыздандыру жөнiнде шаралар әзiрлейдi және iс жүзiне асырады;
      табиғи монополия субъектiлерiн құрылымдық қайта ұйымдастыру жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi;
      Қазақстан Республикасының Табиғи монополияшы-шаруашылық жүргiзушi субъектiлерiнiң мемлекеттiк регистрiн және Қазақстан Республикасының Монополияшы-шаруашылық жүргiзушi субъектiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн қалыптастырады және жүргiзедi;
      табиғи монополияшы кәсiпорындардың өнiмдерiне, жұмыстары мен қызмет көрсетулерiне және орталық, жергiлiктi атқарушы органдардың қызмет көрсетулерiне арналған бағалар мен тарифтердi реттеудi жүзеге асырады;
      табиғи монополия субъектiлерiнiң iс жүзiндегi шығындарына бақылау жасайды;
      ұдайы төлем жасау қабiлетi болмаған жағдайда, монополияшы шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге қатысты сауықтыру қызметiн тоқтату немесе банкроттық ресiмiн қолдану жобаларын келiседi;
      кәсiпорындардың мүлiктерiн немесе акционерлiк қоғамдар акцияларының бақылау пакеттерiн, үлестерi мен пайларын сатып алуға, сондай-ақ сенiмдi басқаруға беруге қорытынды бередi;
      нарықта монополияны болдырмау мақсатында акционерлiк қоғамдардың қосылуына қорытынды бередi;
      мемлекеттiк және өзге де органдардың тұтынушылардың құқықтарын қорғау, тұрғын үй-коммуналдық реформаларын жүргiзу жөнiндегi iс-қимылын үйлестiредi, тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөнiндегi заңдардың сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
      Комитеттiң құзыретiне жататын мәселелер бойынша шет елдердiң мемлекеттiк органдарымен және үкiметтiк емес ұйымдармен, сондай-ақ халықаралық ұйымдармен өзара iс-қимыл мен ынтымақтастық ұйымдастырады;
      Комитеттiң құзыретiне жататын мәселелер бойынша халықаралық жобалар мен бағдарламаларды әзiрлеу мен оларды iс жүзiне асыруға қатысады.

                             V. Құқықтары

      8. Комитеттiң өзiне жүктелген мiндеттердi жүзеге асыруы кезiнде:
      өз құзыретiнiң шегiнде нормативтiк құқықтық және ұйымдастырушылық - өкiмдiк актiлер шығаруға;
      шаруашылық жүргiзушi субъектiлердi монополияшылар деп тану туралы шешiм қабылдауға;
      өз құзыретiнiң шегiнде монополияға қарсы заңдардың бұзылуы туралы iстерге тексеру жүргiзуге және қарауға, кiнәлiлердi әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартуға;
      шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге қолданылатын монополияға қарсы реттеу әдiстерi туралы шешiмдер қабылдауға;
      табиғи монополияшы шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң өнiмiне, қызмет көрсетулерiне және мемлекеттiк органдардың көрсететiн қызметтерiне бағалар мен тарифтер белгiлеуге;
      табиғи монополияшылардың өнiмдерiне, жұмыстарына, қызмет көрсетулерiне бағаларды өзгерту мәселелерi бойынша көпшiлiк тыңдаулар жүргiзуге;
      табиғи монополияшы шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң материалдық құндылықтар сатып алуына тендерлер өткiзуге қатысуға;
      мемлекеттiк органдардан, ұйымдардан, лауазымды тұлғалар мен азаматтардан өзiнiң белгiленген мерзiмдерiне, оның мiндеттерi мен функцияларын iс жүзiне асыруға қажеттi ақпарат сұрауға және оны алуға;
      Комитет құзыретiнiң шеңберiнде мемлекеттiк органдар мен шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге заңдардың бұзылуын жою туралы орындалуға мiндеттi ұйғарымдамалар енгiзуге;
      орталық және жергiлiктi атқарушы органдарға монополияға қарсы заңдарды және тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңдарды бұзып, не оларға қайшы қабылданған актiлердiң күшiн жою немесе өзгерту туралы ұсыныстар енгiзуге;
      Комитеттiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың қабылдаған шешiмдерiнiң заңда белгiленген тәртiппен толық немесе iшiнара күшi жоқ деп тануға;
      шаруашылық жүргiзушi субъектiлерiнiң бағаның мемлекеттiк тәртiбiн бұзулары нәтижесiнде алған сомаларын бюджет кiрiсiне алу туралы шешiм қабылдауға;
      Комитет алқасының мәжiлiстерiнде Комитеттiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша мемлекеттiк басқару органдарының, шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң лауазымды тұлғаларын тыңдауға;
      тексерiстер мен сараптамалар жүргiзуге басқа мекемелер мен ұйымдардан мамандар тартуға;
      бағаның мемлекеттiк тәртiбiнiң, монополияға қарсы заңдардың, тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөнiндегi заңдардың бұзылуын жою мақсатында сотта iс қозғауға, сондай-ақ үшiншi тұлғалардың талаптарын қолдауға;
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң тапсыруы бойынша өз құзыретiнiң шегiнде халықаралық шарттар мен келiсiмдер жасауға;
      өз өкiлеттiктерi мен функцияларының бiр бөлiгiн аумақтық органдарға беруге құқығы бар.

                  VI. Комитеттiң қызметiн ұйымдастыру

      9. Комитеттi Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгi төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Төраға басқарады.
      10. Төрағаның Комитет төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгiнiң төрағасы қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасары - Атқарушы директоры болады.
      11. Комитеттiң төрағасы:
      Комитеттiң қызметiне басшылық жасайды және Комитетке жүктелген мiндеттердiң, оның бекiткен регламентiне сәйкес орындалуын қамтамасыз етедi;
      Комитеттiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша белгiленген тәртiппен нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгiнiң қарауына енгiзедi;
      орынбасарының және аумақтық органдар басшыларының мiндеттерiн бөледi;
      Комитет орталық аппаратының қызметкерлерiн, сондай-ақ Комитеттiң аумақтық органдарының басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      қызметкерлер санының және еңбекақы қорының белгiленген шеңберiнде Комитеттiң штат кестесiн, бөлiнетiн қаржы шеңберiнде оны ұстауға арналған шығыстардың сметасын бекiтедi;
      Комитет орталық аппаратының құрылымдық бөлiмшелерi туралы, сондай-ақ Комитеттiң аумақтық органдары туралы ережелердi бекiтедi;
      өз құзыретiнiң шеңберiнде бұйрықтар шығарады;
      тәртiптiк жазалар қолданады;
      заңда белгiленген тәртiппен Комитет орталық аппаратының құрылымдық бөлiмшелерiн құру немесе тарату туралы ұсыныстар енгiзедi;
      қолданылып жүрген заңдарға сәйкес өз құзыретiнiң шеңберiнде мемлекеттiк органдар мен ұйымдарда Комитеттiң атынан өкiлдiк етедi;
      Комитеттiң құзыретiне кiретiн барлық мәселелер бойынша шешiмдер қабылдайды, өз өкiлеттiктерiнiң бiр бөлiгiн Комитеттiң аумақтық органдарына бередi және Комитетке жүктелген мiндеттердiң орындалуына жеке жауап бередi.
      12. Комитет қызметiнiң аса маңызды мәселелерiн шешу үшiн Комитет төрағасы басқаратын алқа құрылады.
      Алқаның шешiмдерi қаулылар нысанында шығарылады және оларға Комитет төрағасы қол қояды.
      13. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес монополияға қарсы заңдарды бұзушылықтар туралы iстердi қарау үшiн Комитетте және оның аумақтық органдарында Әкiмшiлiк комиссиясы құрылады.
      Әкiмшiлiк комиссиясының жеке құрамын тиiстi Комитеттiң төрағасы бекiтедi.
      14. Облыстар мен Алматы қаласы бойынша Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi комитеттер (бұдан әрi - Монополияға қарсы комитеттер) Комитеттiң аумақтық органдары болып табылады.
      Монополияға қарсы комитеттер аймақтарда Комитеттiң функцияларын орындайды, Комитет берген өкiлеттiктер көлемiндегi құқықтарды пайдаланады және оған есеп бередi.
      Монополияға қарсы саясат комитеттерiнiң төрағаларын облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерiмен келiсiп Комитеттiң төрағасы қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      15. Комитет жанында Комитет қызметiнiң барлық бағыттары бойынша,

оның iшiнде тексерiстер жүргiзуге көмек көрсету үшiн Сараптама
кеңестерi құрылуы мүмкiн.
     Сараптама кеңестерiнiң жеке құрамы ғалымдар мен мамандардан,
Қазақстан Республикасы Комитетiнiң, басқа министрлiктер мен
ведомстволарының, қоғамдық ұйымдардың, халықаралық ұйымдардың
қызметкерлерiнен құрылады және оны Комитет төрағасы бекiтедi.
     16. Комитет орталық аппаратының құрылымын Қазақстан
Республикасының Үкiметi бекiтедi.
     17. Комитеттi тарату мен қайта ұйымдастыру заңдарда белгiленген
тәртiппен жүргiзiледi.

                                       Қазақстан Республикасы
                                             Үкiметiнiң
                                     1997 жылғы 18 желтоқсандағы
                                         N 1779 қаулысымен
                                             бекiтiлген

        Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және
        реформалар жөнiндегi агенттiгi Баға және монополияға
                 қарсы саясат жөнiндегi комитетiнiң

                              ҚҰРЫЛЫМЫ

     Басшылық

     Монополияға қарсы заңдардың сақталуын қадағалау
     басқармасы

     Табиғи монополияларды реттеу басқармасы

     Тұтынушылардың құқықтарын қорғау және тұрғын үй реформалары
     басқармасы

     Ұйымдастыру-кадр жұмысы бөлiмi
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады