Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi департаментi туралы ереженi бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1997 жылғы 18 желтоқсан N 1783. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1998.09.16. N 903 қаулысымен. ~P980903

      "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк басқарудың пәрмендiлiгiн одан әрi арттыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 10 қазандағы N 3655 U973655_ Жарлығына және "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк басқарудың пәрмендiлiгiн одан әрi арттыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 10 қазандағы N 3655 Жарлығын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 12 қарашадағы N 1551 P971551_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк

сатып алу жөнiндегi департаментi туралы қоса берiлiп отырған Ереже
бекiтiлсiн.
     2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк
сатып алу жөнiндегi департаментiнiң құрылымы қосымшаға сәйкес
бекiтiлсiн.

     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрi

                                       Қазақстан Республикасы
                                              Үкiметiнiң
                                       1997 жылғы 18 желтоқсандағы
                                       N 1783 қаулысымен
                                              бекiтiлген

            Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң
        Мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi департаментi туралы
                               ЕРЕЖЕ

                              МИССИЯСЫ



      Қазақстан Республикасының республикалық және жергiлiктi бюджеттерiнiң, сондай-ақ бюджеттен тыс қорлардың қаражаттары есебiнен жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулердi мемлекеттiк сатып алу процесiн реттеу.

                          I. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi департаментiнiң (бұдан әрi - Департамент) құқықтық негiздерiн, қызметiн ұйымдастыру принциптерiн, жүйесiн және өкiлеттiгiн айқындайды.
      2. Департамент республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражаттары, сондай-ақ бюджеттен тыс қорлардың қаражаттары есебiнен тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулердi мемлекеттiк сатып алуы салааралық үйлестiру мақсатында өз қызметiн жүзеге асыратын, мемлекеттiк сатып алу процесiн реттеу жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган болып табылады.
      3. Департамент өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiн, өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарды, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi туралы ереженi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
      4. Департамент заңды тұлға болып табылады, оның банкте шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген, мемлекеттiк тiлде өз атауы жазылған мөрi мен бланкiлерi болады.
      5. Департаменттi ұстауға арналған шығыстарды қаржыландыру

республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiн
ұстауға көзделген қаржы есебiнен жүзеге асырылады.

                           II. БАСЫМДЫҒЫ

     6. Мемлекеттiк сатып алу туралы Қазақстан Республикасының
заңдарына сәйкес тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулердi
сатып алуға бағытталған республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң,
сондай-ақ бюджеттен тыс қорлардың қаражаттарының ұтымды жұмсалуын
қамтамасыз ету.

                      III. НЕГIЗГI МIНДЕТТЕРI

     7. Департаменттiң негiзгi мiндеттерi:


      министрлiктер, мемлекеттiк комитеттер, басқа да мемлекеттiк органдар, ұйымдар, жергiлiктi атқарушы органдар және бюджеттен тыс қорлардың басқармалары жүргiзетiн мемлекеттiк сатып алу процестерiн үйлестiру және оларға бақылау жасау;
      мемлекеттiк сатып алу процестерiн реттейтiн нормативтiк-құқықтық базаны қалыптастыру болып табылады.

                           IV. ФУНКЦИЯЛАРЫ

      8. Алға қойған мiндеттердi жүзеге асыру үшiн Департамент мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      бекiтiлген республикалық және жергiлiктi бюджеттер және бюджеттен тыс қорлар сметаларының көрсеткiштерiнiң негiзiнде сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың және қызмет көрсетулердiң номенклатуралары мен көлемдерiн қалыптастыруға қатысу;
      номенклатурасын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi жыл сайын бекiтiп отыратын тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулердi сатып алу жөнiнде конкурстарды ұйымдастыру;
      тiзбесiн Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi жыл сайын бекiтiп отыратын тапсырыс берушiлерге арналған конкурстарды ұйымдастыру;
      министрлiктер, мемлекеттiк комитеттер, Қазақстан Республикасының басқа да мемлекеттiк органдары, ұйымдар, бюджеттен тыс қорлардың басқармалары өткiзетiн республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң, сондай-ақ бюджеттен тыс қорлардың қаражаттары есебiнен тауарларды сатып алуға, жұмыстарды орындауға, қызмет көрсетуге арналған конкурстарға қатысу;
      мемлекеттiк сыртқы заемдар мен гранттардың қаражаттарына тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулердi сатып алу бойынша конкурстар (тендерлер) өткiзуге қатысу;
      мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыруды үйлестiру және оған бақылау жасау;
      мемлекеттiк сатып алу процестерiн реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлердiң жобасын әзiрлеу және әдiстемелiк материалдарды әзiрлеу мен бекiту;
      тапсырыс берушiлерге мемлекеттiк сатып алуды жүргiзу мәселелерi бойынша әдiстемелiк және ұйымдастырушылық көмек көрсету.

                             V. ҚҰҚЫҚТАРЫ

      9. Алға қойған мiндеттердi шешу және функцияларды жүзеге асыру үшiн Департамент:
      мемлекеттiк сатып алуды, оның iшiнде мемлекеттiк сыртқы заемдар мен гранттардың қаражаттары есебiнен жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар мен ұйымдардан заңдарда белгiленген тәртiппен ақпараттар сұратуға және алуға;
      өз құзыретiнiң шегiнде мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру мен жүргiзу мәселелерi бойынша мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың орындауы үшiн мiндеттi шешiмдердi қолданылып жүрген заңдарға сәйкес қабылдауға;
      мемлекеттiк сатып алуларды ұйымдастыру мен жүргiзу бойынша тапсырысшылардың конкурстық комиссияларының жұмысына қатысуға;
      мемлекеттiк сатып алулардың ұйымдастырылуы мен жүргiзiлуiне бақылау жасауға;
      сараптамалар мен консультациялар өткiзу, конкурстық комиссияларға қатысу үшiн мемлекеттiк басқарудың орталық және жергiлiктi органдарының мамандарын ақысыз негiзде, ал мемлекеттiк қызметшiлер болып саналмайтын мамандарды-ақылы негiзде Қазақстан

Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен тартуға;
     өзiнiң құзыретi шегiнде шет елдердiң ұйымдарымен және
халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықта болуға құқылы.

                           VI. МIНДЕТТЕРI

     10. Өзiнiң қызметiнде Департамент мынадай мiндеттердi орындайды:
     мемлекеттiк сатып алу саласында Қазақстан Республикасы
заңдарының орындалуын қамтамасыз етедi;
     мемлекеттiк сатып алудың жүзеге асырылуына талдау жасайды;
     мемлекеттiк сатып алуды жоспарлауды, ұйымдастыруды және
жүргiзудi жетiлдiру жөнiндегi шараларды әзiрлейдi және iске асырады.

                        VII. ЖАУАПКЕРШIЛIГI

     11. Өз қызметiн жүзеге асыру кезiнде Департаментке мыналарға:
     Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң мемлекеттiк сатып
алу саласындағы стратегиялық жоспарының iске асырылуы үшiн;
     мемлекеттiк сатып алу жүйесiнiң жай-күйi туралы ақпараттардың
сенiмдiлiгi үшiн;
     Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу саласындағы
заңдарының сақталуы үшiн жауап бередi.

               VIII. ДЕПАРТАМЕНТ ҚЫЗМЕТIН ҰЙЫМДАСТЫРУ



      12. Департаменттi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Директор басқарады.
      Директордың оның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы министрi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасары болады.
      Департамент директорының орынбасары Департамент директоры болмаған жағдайда оның мiндетiн атқарады.
      13. Департамент директоры Департамент жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды, Департаментке жүктелген мiндеттердiң орындалуы және оның функцияларын жүзеге асыру үшiн жеке жауап бередi.
      Осы мақсатта Департамент директоры:
      Департаменттiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерi мен жауапкершiлiк дәрежесiн белгiлейдi.
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрi бекiткен қызметтер номенклатурасына сәйкес Департаменттiң қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, сондай-ақ оларға тәртiптiк жаза қолданады;
      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң басшылығына

Департамент қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақыларына бекiтiлген
еңбекке ақы төлеу қорының шегiнде қосымшаақылар мен үстемақылар
белгiлеу туралы, сондай-ақ оларға сыйақы беру туралы ұсыныстар
енгiзедi;
     өзiнiң құзыретi шегiнде бұйрықтар шығарады;
     өз құзыретiнiң шегiнде және қолданылып жүрген заңдарға сәйкес
мемлекеттiк органдар мен ұйымдарда Департаменттi бiлдiредi;
     өз құзыретiне жататын басқа мәселелер бойынша шешiмдер
қабылдайды.
     14. Департаменттiң штат санын Қазақстан Республикасының Қаржы
министрлiгi белгiлейдi.
     15. Департаменттiң қызметiн бөлiмшелерi және Қазақстан
Республикасы Қаржы министрлiгiнiң жалпы мақсаттағы қызметтерi
қамтамасыз етедi.

                IХ. ДЕПАРТАМЕНТТI ТАРАТУ ЖӘНЕ ҚАЙТА
                            ҰЙЫМДАСТЫРУ

     16. Департаменттi тарату және қайта ұйымдастыру заңдарда
белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.



                                       Қазақстан Республикасы
                                              Үкiметiнiң
                                       1997 жылғы 18 желтоқсандағы
                                       N 1783 қаулысына
                                              қосымша

            Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi
          Мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi департаментiнiң
                              құрылымы

     Мемлекеттiк сатып алудың әдiстемесi мен мониторингi басқармасы
     Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру басқармасы
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады