"Қазақстан-Аэроспейс - 98" халықаралық авиациялық-ғарыштық көрмесi туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 26 желтоқсандағы N 1838 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 16 ақпандағы № 141 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.02.16 № 141 Қаулысымен.

      Дүниежүзiнiң авиациялық-ғарыштық компанияларымен сауда-экономикалық байланыстар мен ынтымақтастықты одан әрi дамыту және нығайту, авиациялық-ғарыштық ғылымның, техникалардың және технологиялардың жетiстiктерiн тиiмдi пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясы Ұлттық аэроғарыш агенттiгiнiң 1998 жылдың 10-13 қазанында Алматы қаласында "Қазақстан-Аэроспейс-98" халықаралық авиациялық-ғарыштық көрмесiн өткiзу туралы ұсынысы мақұлдансын.
      2. Көрменi дайындауға және өткiзуге арналған шығыстар оған қатысушылардың, демеушiлердiң және жарнама берушiлердiң қаражатының есебiнен жүргiзiлетiн болатындығына келiсiм берiлсiн.
      3. Қазақстан Республикасы Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясының Ұлттық аэроғарыш агенттiгi көрменi ұйымдастыру және өткiзу жөнiнде барлық қажеттi шараларды қабылдасын.
 

     Қазақстан Республикасының

          Премьер-Министрi



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады