Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 24 қарашадағы N 1593 және 1996 жылғы 13 желтоқсандағы N 1533 қаулыларына өзгерiстер енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1998 жылғы 29 қаңтардағы N 46. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы N 124 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: 
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн: 
      "Қазақстан Республикасында бұқаралық спортты дамыту жөнiндегi шұғыл шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 4 мамырдағы N 2261 Жарлығын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 24 қарашадағы  N 1593 қаулысына Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 36, 464-құжат):
     2-тармақтың екiншi абзацы алынып тасталсын;
     "1997 жылға арналған реформаларды тереңдету жөнiндегi Қазақстан Республикасы Үкiметi шараларының кең ауқымды Жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 13 желтоқсандағы  N 1533 қаулысына:
     көрсетiлген қаулыға қосымшада:
     VII "реформаларды заңдармен қамтамасыз ету" тарауындағы реттiк
нөмiрi 111:
"Қазақстан        Заңның жобасы,         шiлде    Жастурспортминi,
Республикасының   Үкiметтiң қаулысы      1997 ж.  Әдiлетминi"
дене тәрбиесi
мен спорты туралы
     деген жолдар алынып тасталсын.

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады