Ақмола қаласындағы бес жұлдызды "Астана" мейманханасының құрылысын аяқтау жөнiндегi шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1998 жылғы 30 қаңтардағы N 57

      Ақмола қаласындағы бес жұлдызды "Астана" мейманханасын пайдалануға уақытында беру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. "Ақмоластройинвест" коммерциялық құрылыс салушылар компаниясының, "Окан Холдинг/Исот" компаниясының және "Отель Астана" жабық үлгiдегi акционерлiк қоғам нысанындағы бiрлескен кәсiпорнының:
      "Акмоластройинвест" коммерциялық құрылыс салушылар компаниясының "Окан Холдинг/Исот" түрiк компаниясының Ақмола қаласында бес жұлдызды "Астана" мейманханасын салуы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 10 қазандағы N 1312 қаулысымен мақұлданған келiсiм-шарт бойынша тапсырысшының барлық құқықтары мен мiндеттерiн "Отель Астана" жабық үлгiдегi акционерлiк қоғам нысанындағы бiрлескен кәсiпорнына заңдарда белгiленген тәртiппен беру туралы;
      осы келiсiм-шартты қаржыландыруға Түркияның Эксимбанкiн және "Deutsche Morgan Grenfell" қатыстыру туралы ұсыныстарына келiсiм берiлсiн, бұл ретте келiсiм-шартты қаржыландыруға қатысу жоғарыда аталған қаулыда белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады деп белгiленсiн.
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгертiлдi - ҚР Үкiметiнiң 1998.07.03. N 631
               қаулысымен. P980631_
 
      2. "Окан Холдинг/Исот" түрiк компаниясының Ақмола қаласында бес жұлдызды "Астана" мейманханасын салуы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 10 қазандағы N 1312 қаулысының күшi "Акмоластройинвест" коммерциялық құрылыс салушылар компаниясының құқықтық мұрагерi ретiнде "Отель Астана" жабық үлгiдегi акционерлiк қоғам нысанындағы бiрлескен кәсiпорнына қатысты барлық құқықтарға, мiндеттерге, жауапкершiлiк пен жеңiлдiктерге толық көлемiнде қолданылады деп белгiленсiн.
      3. "Окан Холдинг/Исот" түрiк компаниясының Ақмола қаласында бес жұлдызды "Астана" мейманханасын салуы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 10 қазандағы N 1312 P951312_ қаулысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:

 

     1-тармақтың екiншi абзацындағы "және Экономика министрлiгiмен"

деген сөздер алынып тасталсын;

     11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

     "11. Осы қаулының iске асырылуына бақылау жасау Қазақстан

Республикасының Қаржы министрлiгiне жүктелсiн".


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрi





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады