Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Салық полициясы комитетiнiң мәселелерi

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1998 жылғы 22 мамыр N 465. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1999.02.25. N 173 қаулысымен. ~P990173

      "Экономикалық қылмыспен күрес жүргiзудiң тиiмдiлiгiн арттыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 6 мамырдағы N 3935 U983935_ Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қоса берiлiп отырған:
      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Салық полициясы комитетi туралы ереже;
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Салық полициясы комитетiнiң құрылымы бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi ағымдағы жылы мемлекеттiк органдарды ұстауға арналған республикалық бюджеттiң шығыстарына қажеттi өзгерiстер енгiзсiн.
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Салық полициясы комитетi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiмен бiрлесе отырып, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бұрын қабылдаған шешiмдерiн "Экономикалық қылмыспен күрес жүргiзудiң тиiмдiлiгiн арттыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 6 мамырдағы N 3935 Жарлығына сәйкес келтiру

жөнiнде белгiленген тәртiппен ұсыныс енгiзсiн.
     4. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Салық полициясы
департаментi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 29
тамыздағы N 1308  

P971308_

  қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 
1997 ж., N 40, 378-құжат) күшi жойылған деп танылсын.

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi
                                        Қазақстан Республикасы
                                             Үкiметiнiң
                                        1998 жылғы 22 мамырдағы
                                        N 465 Қаулысымен
                                              бекiтiлген

            Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң
                  Салық полициясы комитетi туралы
                               ЕРЕЖЕ

                              Миссиясы

     Елдiң экономикалық қауiпсiздiгiн нығайту, экономикалық қылмысқа
қарсы күрестiң тиiмдiлiгiн арттыру.

                         I. Жалпы ережелер



      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Салық полициясы комитетi (бұдан әрi - Комитет) жедел-iздестiру қызметiн, анықтауды, алдын ала тергеудi және олардан туындайтын басқа да функцияларды жүзеге асыратын ведомство болып табылады.
      2. Комитет өзiнiң қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiн, өзге де нормативтiк-құқықтық актiлердi және осы Ереженi басшылыққа алады.
      3. Комитеттi және оның аумақтық органдарын ұстау шығыстарын қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебiнен жүргiзiледi.
      4. Комитет заңды тұлға болып табылады, оқшауланған мүлкi, өзiнiң рәмiзi, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген және өзiнiң атауы мемлекеттiк тiлде жазылған мөрi, сондай-ақ банк мекемелерiнде тиiстi есеп айырысу, валюталық және өзге де шоттары бар.

                           II. Басымдықтары

      5. Комитеттiң негiзгi басымдықтары:
      салықтарды төлеуден жалтаруға және мемлекет алдындағы басқа да қаржылық мiндеттемелердi орындамауға байланысты қылмыстармен күрестi күшейту;
      өзге де экономикалық қылмыстардың және мемлекетке шығын келтiруге әкеп соққан құқық бұзушылықтардың алдын алудың, ашудың және тергеудiң тиiмдiлiгiн арттыру болып табылады.

                  III. Комитеттiң негiзгi мiндеттерi

      6. Комитеттiң негiзгi мiндеттерi:
      салықтардың төленбеуiне немесе мемлекет алдындағы басқа да

қаржылық мiндеттемелердiң орындалмауына байланысты қылмыстардың
алдын алу, ашу және тексеру;
     мемлекетке зиян келтiретiн басқа да экономикалық қылмыстармен
және құқық бұзушылықтармен күрес жүргiзу;
     экономикалық қылмыстармен күрес жүргiзу саласындағы мемлекеттiк
саясатты жасауға және iске асыруға қатысу;
     экономикалық қылмыспен күрес жүргiзу саласында халықаралық
ынтымақтастық болып табылады.

                 IV. Комитеттiң негiзгi функциялары

     7. Комитеттiң негiзгi функциялары:


      өзiнiң құзыретi шегiнде қылмыстық жедел жағдайларды талдау және болжамдау, салықтық және басқа да экономикалық қылмыстарды тудыруға ықпал ететiн жағдайларды зерделеу және оларды жою жөнiндегi тиiмдi шараларды әзiрлеу;
      салық полициясы органдары қызметтерiнiң басым бағыттарын айқындау, оларды жүзеге асырудың құқықтық, ұйымдастырушылық, экономикалық тетiктерiн әзiрлеу;
      Комитет органдарының жедел-қызметтiк жұмысын ұйымдастыру және бақылау жасау, оларға практикалық және әдiстемелiк көмек көрсету;
      мейлiнше күрделi салықтық және өзге де экономикалық қылмыстарды және қоғамдық пiкiр тудырған қылмыстарды тексеру, шұғыл-iздестiру шараларын жүргiзу;
      орталықтандырылған жедел-iздестiру, ақпараттық-анықтамалық және кадрлардың есебiн жүргiзу;
      салық полициясы аумақтық органдарының жедел-қызметтiк жұмысын жоспарлау және үйлестiру;
      Бас прокуратурамен, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiмен, iшкi iстер министрлiгiмен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының басқа да мемлекеттiк органдарымен бiрлесiп өзара iс-қимыл жасау;
      салық полициясы органдарына кадрларды iрiктеу және орналастыру және олардың оқуын ұйымдастыру;
      салық, кеден және қаржы органдары жүйесiнiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;
      салық полициясы органдарының қызметкерлерiн, олардың отбасы мүшелерiн әлеуметтiк және құқықтық қорғау;
      белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына қаржылық, кадрлық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету, сондай-ақ салық полициясы органдарының қызметiн жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзу;
      Комитеттiң құзыретiне жататын мәселелер бойынша заң жобаларын және өзге де нормативтiк-құқықтық актiлердi әзiрлеуге қатысу;
      өзiнiң құзыретi шегiнде салықтық және өзге де экономикалық қылмыстармен күрес жүргiзу мәселелерi жөнiнде Қазақстан Республикасының халықаралық мiндеттемелерiн орындау, шетел мемлекеттерiнiң құзыреттi органдарымен бiрлесiп iс-қимыл жасау, халықаралық ұйымдардың қызметiне қатысу;
      салық полициясының аумақтық органдарына практикалық және әдiстемелiк көмек көрсету;
      сондай-ақ қолданылып жүрген заңдарда көзделген басқа да функцияларды жүзеге асыру болып табылады.

                       V. Комитеттiң құқықтары

      8. Комитет өзiне жүктелген мiндеттердi iске асыру және өзiнiң функцияларын жүзеге асыру кезiнде:
      мемлекетке шығын келтiрген салықтық және өзге де экономикалық қылмыстар (құқық бұзушылықтар) туралы iс бойынша жедел-iздестiру қызметiн, анықтау және алдын ала тергеудi жүзеге асыруға;
      заңды тұлғалардың (жұмыс режимi айрықша заңды тұлғаларды қоса алғанда) және жеке тұлғалардың барлық құжаттарын тексерудi жүргiзуге, оның барысында ұйымдардың лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерiнен, сондай-ақ азаматтардан пайда болған мәселелер бойынша анықтамалар, ауызша және жазбаша түсiнiктемелер алуға;
      өзiнiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша барлық ұйымдарға және азаматтарға орындауы мiндеттi нұсқаулар беруге;
      заңда көзделген жағдайларда, банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын банктерде және өзге де ұйымдарда олардың банктiк шоттары бойынша салық төлеушiлердiң шығыс операцияларын тоқтатуға;
      заңды бұзу фактiлерi анықталған жағдайда белгiленген тәртiппен құжаттарды, ақшалай және материалдық қаражатты алып қоюға;
      заңды бұзған тұлғаларға өзiнiң құзыретi шегiнде санкциялар мен айыппұлдар қолдануға;
      заңда көзделген негiзде және тәртiпте қару, арнаулы құралдарды сақтауға, ұстауға және күш қолдануға;
      Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

                 VI. Комитеттiң қызметiн ұйымдастыру.

      9. Комитетке жедел-iздестiру және қылмыстық-процессуалдық қызметтен басқа, жалпы басшылықты Қазақстан Республикасының Қаржы министрi жүзеге асырады.
      10. Комитеттi Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын төраға басқарады.
      11. Комитет төрағасының Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Салық полициясы комитетi төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы министрi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын үш орынбасары болады.
      Комитеттiң облыстар мен Астана және Алматы қалалары бойынша басқарма бастықтарын Салық полициясы комитетi төрағасының ұсынуы бойынша Қаржы министрi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      12. Комитет жүктелген мiндеттердi орындай отырып, өзiне бағынысты аумақтық органдарға және Салық полициясының академиясына басшылықты қамтамасыз етедi.
      13. Комитеттiң төрағасы:
      Комитеттiң қызметiне басшылық жасайды және жұмыстардың ұйымдастырылуымен Комитетке жүктелген мiндеттердiң орындалуына дербес жауапкершiлiкте болады;
      Салық полициясы комитетiнiң төрағасы орынбасарларының, құрылымдық бөлiмшелерi жетекшiлерiнiң функционалдық мiндеттерiн айқындайды, олардың қызмет тәртiбi туралы ереженi бекiтедi;
      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарында, сондай-ақ халықаралық ұйымдарда және шетел мемлекеттерiнiң құзыреттi органдарында Салық полициясы комитетiн бiлдiредi;
      өз құзыретi шегiнде бұйрықтар, өкiмдер шығарады, Комитеттiң және оның аумақтық органдарының қызметкерлерi орындау үшiн мiндеттi нұсқаулар бередi, қызметтер мен Комитеттiң құрылымына енетiн бөлiмшелер туралы нұсқаулықтарды, басшылықтарды, жарғыларды, ережелердi бекiтедi;
      бөлiнген штаттық сан және еңбекке ақы төлеу қоры шегiнде Комитеттiң орталық аппаратының лауазымдар тiзбесiн және штаттық кестесiн, сондай-ақ аумақтық органдардың және Салық полициясы академиясының құрылымы мен штаттық санын бекiтедi;
      азаматтарды заңдарда белгiленген тәртiппен Салық полициясы қызметiне қабылдайды, алғашқы, кезектi арнаулы және полковникке дейiнгiнi қоса алғанда, атақтарды мерзiмiнен бұрын бередi, сондай-ақ салық полициясының полковнигiне дейiнгiлердi қоса алғанда, басқа құқық қорғау органдарынан келген қызметкерлердiң атақтарын қайта аттестациялайды;
      орталық аппараттың қызметкерлерiн, облыстар және Астана мен Алматы қалаларында - Комитет басқармалары бастықтарының орынбасарларын, бөлiмдерiнiң бастықтарын; ауданаралық (аймақтық) бөлiмдердiң бастықтарын, қалалар, аудандар және қалалардағы аудандар бойынша салық полициясы бөлiмдерiнiң бастықтарын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      салық полициясы органдарының басқа қызметкерлерiн тағайындаудың тәртiптерiн айқындайды;
      Салық полициясы комитетiнiң және оған бағынысты органдардың қызметкерлерiн тәртiптiк тұрғыда көтермелейдi және жаза қолданады;
      Қазақстан Республикасының Үкiметiне, Қазақстан Республикасының Қауiпсiздiк Кеңесiне және Президент Әкiмшiлiгiне салық полициясы органдарының ұйымдық-штаттық, кадр және материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселелерiн қоса алғанда, Комитеттiң құзыретiне жататын мәселелер бойынша ұсыныстар енгiзедi;
      жоғары басшылық құрамға атақтар беру және салық полициясы органдарының қызметкерлерiн мемлекеттiк наградалармен марапаттау туралы, сондай-ақ оларға құрметтi атақтар беру туралы Қазақстан Республикасының Президентiне ұсыныстар енгiзедi;
      республикалық бюджеттен бөлiнген қаражат шегiнде салық полициясының органдарын ұстауға арналған қаржы қаражатын бөледi;
      өзiнiң құзыретiне жататын басқа да мәселелер бойынша шешiмдер қабылдайды.
      14. Комитет төрағасы болмаған жағдайда, оның мiндеттерiн орынбасарларының бiрi атқарады.
      15. Бағынысты органдардың қызметiн үйлестiрудi қамтамасыз ету, жедел iс-қимыл қызметiнiң мейлiнше маңызды мәселелерiн қарау, олар бойынша келiсiлген шешiмдер қабылдау үшiн Салық полициясы комитетiнде құрамында: Комитеттiң төрағасы, оның орынбасарлары, Академия бастығы, сондай-ақ салық полициясы органдарының басқа да жетекшi қызметкерлерi бар консультативтiк-кеңесшi орган - Офицерлiк кеңес құрылады. Офицерлiк кеңестiң ресми құрамын және ол туралы

Ереженi Комитеттiң төрағасы бекiтедi.
     16. Салық полициясы комитетiнiң жанынан, Ережесiн Салық
полициясы комитетiнiң төрағасы бекiтетiн, ғылыми-консультативтiк
кеңес құрылуы мүмкiн.
     17. Салық полициясы органдары қызметкерлерiнiң қызмет өткеру
тәртiбi Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн Ережемен
айқындалады.
     18. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан
Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.

                        VII. Жауапкершiлiгi

     19. Комитеттiң лауазымды тұлғасы қызметтiк мiндеттерiн
орындамағаны немесе лайықсыз түрде орындағаны үшiн Қазақстан
Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.

                                        Қазақстан Республикасы
                                             Үкiметiнiң
                                        1998 жылғы 22 мамырдағы
                                        N 465 Қаулысымен
                                              бекiтiлген

            Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi
                    Салық полициясы комитетiнiң
                              ҚҰРЫЛЫМЫ

     Басшылық
     Бас жедел басқармасы
     Бас тергеу басқармасы
     Бас ұйымдық-құқықтық басқармасы
     Iшкi қауiпсiздiк басқармасы
     Хатшылық (басқарма құқығында)
     Кадр басқармасы
     Қаржы-шаруашылық басқармасы
     Кезекшi бөлiм
     Жедел-техникалық бөлiм
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады