Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 қаулысына толықтыру енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 8 шiлдедегi N 648 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 5 тамыздағы № 796 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң "Қару (Арсенал) -1" және "Қару (Арсенал) - 2" республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 6 қарашадағы N 1502 P971502_ қаулысының 4-тармағын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:

      "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 P960790_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:

     аталған қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрлерi 461-1 және 461-2 жолдармен толықтырылсын;

     "461-1 "Қару (Арсенал) - 1"
            республикалық мемлекеттiк
            кәсiпорны (шаруашылық
            жүргiзу құқығында)          Алматы қаласы

     461-2 "Қару (Арсенал) - 2"
           республикалық мемлекеттiк
           кәсiпорны (шаруашылық
           жүргiзу құқығында)          Алматы қаласы".

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады