"1999 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 25 шілдедегі N 703 P980703_ қаулысының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі комитетінің бағдарламалары мен кіші бағдарламаларының тізбесі бекітілсін (қоса беріліп отыр).
2. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі комитеті:
1998 жылдың 7 қыркүйегіне дейін мерзімде Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігімен және Қаржы министрлігімен келісім бойынша жоғарыда аталған тізбеге сәйкес Комитеттің мемлекеттік тапсырыстарын қалыптастыру жөніндегі әдістемелік құжаттарды бекітсін;
бір айлық мерзім ішінде қолданылып жүрген нормативтік құқықтық актілерді осы қаулыға сәйкес келтіру туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс әзірлесін және енгізсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1998 жылғы
5 қыркүйектегі
N 858 қаулысымен
бекітілген
Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті
қорғау жөніндегі комитетінің бағдарламалары мен кіші бағдарламаларының
тізбесі
__________________________________________________________________________
|N | Атауы | 1998 жылғы | 1999 жылға
| | | қаржыландыру | арналған
| | | нысаны | қаржыландыру
| | | | нысаны
|__|___________________________________|______________|____________________
|13|Экономикалық қызметке байланысты | |
| |басқа да қызмет көрсетулер | |
| |Республикалық деңгейде әкімшілік |Ұстауға | Ұстауға
| |шығыстар | |
| | Орталық органның аппараты | |
| |Аумақтық органдарының аппараты | |
| |Республикалық деңгейде орындалатын | Бұл да | Көрсетілген
| |мемлекеттік тапсырыстар | | қызметтер үшін
| |Ғимараттарды күту және қызметкер- | |
| |лердің қызметін қамтамасыз ету | |
|__|___________________________________|______________|____________________