"1998 жылға арналған көші-қон квотасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 3 сәуірдегі N 3894 U983894_ Жарлығын және "1998 жылға арналған көші-қон квотасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 3 сәуірдегі N 3894 Жарлығын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 21 сәуірдегі N 376 P980376_ қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының Көші-қон және демография жөніндегі агенттігіне оралмандарға тұрғын үй сатып алу және салу, сондай-ақ оралмандардың тұрғын үйлерін жөндеуге оралмандардың отбасын тасымалдау құқығына тендер өткізу барысында үнемделген қаражаттың есебінен 70 461 000(жетпіс миллион төрт жүз алпыс бір мың) теңге бөлсін.
Осы тармақта көрсетілген қаражаттың мақсатқа сай пайдаланылуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне жүктелсін.
2.Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі