Қазақстан Республикасы Президентінің "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 1998 жылдың қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы" 1998 жылғы 7 қазандағы N 4110 U984110_ Жарлығын орындау үшін және "Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13 бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Облыстардың және Астана мен Алматы қалаларының әкімдері шақырту комиссияларының жұмысын ұйымдастырсын және Қазақстан Республикасының азаматтарын 1998 жылғы қазан-желтоқсанда мерзімді әскери қызметке шақырудың жүргізілуін қамтамасыз етсін;
шақырылғандарды жинау және әскерге жөнелту орындарында ішкі істер органдары қызметкерлерінің күшейтілген кезекшілігін орнатсын;
командалардың жөнелтілуін және оларды жинау мен қызмет өткеру орындарына алып баруды қамтамасыз етсін.
2. Қазақстан Республикасының Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі шақыру пункттерін медициналық қамтамасыз етуді, сондай-ақ әскери комиссарлардың өтінімдері бойынша шақырылғандарға медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастырсын.
3. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің өтінімдері бойынша запасқа шығарылған мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді және әскери қызметке шақырылған азаматтарды тасымалдауды қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі әскери қызметке шақырылған азаматтарды шақырылған жеріне, сондай-ақ запасқа шығарылған мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді белгіленген тәртіппен тасымалдаған ұйымдарға шығыстарды Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі ұсынған өтінімдер мен есептемелер бойынша өтесін.
5. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі мен Әділет министрлігі әскерге шақырылған жастардың арасында "Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын және Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 7 қазандағы N 4110 Жарлығының талаптарын орындауға бағытталған алдын алу жұмысын жандандырсын.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі