Қаражатты республикалық бюджетке қайтару жөнінде үшжақты келісім жасасу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1998 жылғы 28 қазан N 1095

      "Рахат" бірлескен кәсіпорнының республикалық бюджет алдындағы берешегін өтеу жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі:
      1) 1998 жылдың 1 желтоқсанына дейін "Қазақстан Эксимбанкі" жабық акционерлік қоғамымен және "Рахат" бірлескен кәсіпорнымен оның республикалық бюджетке 3 279 812,09 (үш миллион екі жүз жетпіс тоғыз мың сегіз жүз он екі, тоғыз цент) АҚШ долларына баламды соманың 34 164,7 (отыз төрт мың бір жүз алпыс төрт доллар жеті цент) АҚШ доллары болатын тең үлеспен (ай сайын) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төлем күнгі бағамы бойынша теңгемен уақтылы қайтарылуын қамтамасыз ету жөнінде үшжақты келісім жасассын.
      2) келісімде республикалық бюджеттен алынған қаражаттың қайтарылуын қамтамасыз ету жөнінде "Қазақстан Эксимбанкі" жабық акционерлік қоғамының қажетті шаралар қабылдауы көзделсін.
      2. "Қазақстан Эксимбанкі" жабық акционерлік қоғамы "Рахат" бірлескен

 

кәсіпорнының ай сайын республикалық бюджетке аударуға тиіс сомаларына

жылына 2% өсім есептелуін қамтамасыз етсін.

     3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы

министрлігіне жүктелсін.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.



     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі 





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады