Кейбір мемлекеттік органдардың бюджеттен тыс қорлары және шоттары туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1998 жылғы 18 желтоқсан N 1298

      Қазақстан Республикасының жекелеген мемлекеттік органдарының ақша қаражатын жұмсауын оңтайландыру және мемлекеттік бюджетке түсімдерді ұлғайту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі:
      1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен бірлесе отырып бір ай мерзім ішінде атқару санкциялары бойынша қаражатты мемлекеттік бюджетке аударуды көздейтін 77-бабының 2 және 3-тармақтарына өзгерістер енгізу бөлігінде "Атқарушы іс және сот атқарушыларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізуді көздейтін Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеп, Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін;
      2) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің "Кеден органдарының " Тапсырмалар бойынша сомалар" ағымдағы шотының қаражатын қалыптастыру мен пайдалану тәртібі туралы" 1997 жылғы 19 қыркүйектегі бұйрығымен бекітілген Нұсқаулықтың күші жойылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі Қаржы министрлігімен бірлесе отырып, жобасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 30 қыркүйектегі N 975 қаулысымен Қазақстан Республикасының Парламентіне енгізілген "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне (мемлекеттік мекемелерді қаржыландыру мәселелері жөніндегі) өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы қабылданғаннан кейін екі апта мерзім ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдеріне тиісті өзгерістер енгізу туралы ұсыныстарды әзірлесін.
      3. Мыналардың күші жойылған деп танылсын:
      1) "Прокуратура органдарының бюджеттен тыс шоттары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 16 қыркүйектегі N 1345 P971345_ қаулысы;
      2) "Ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының арнаулы шоттары

 

туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 24 ақпандағы N 132

қаулысы. 


P980132_
 


     4. Бюджеттен тыс қорлары және арнайы шоттары бар Қазақстан

Республикасының мемлекеттік органдарына екі апта мерзім ішінде өздерінің

бұрын қабылданған актілерін осы қаулыға сәйкес келтіру ұсынылсын.

     5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің бірінші орынбасары О.Ә.Жандосовқа жүктелсін.

     6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі


      Оқығандар:

     Орынбекова Д.К.

     Кобдалиева Н.М.   





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады