Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Ақтөбе, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Оңтүстік Қазақстан және
Шығыс Қазақстан облыстары әкімдерінің Қазақстан Республикасының
мемлекеттік органдарымен және Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы
Мемлекеттік ономастика комиссиясымен келісілген:
1) Мына білім мен мәдениет мекемелеріне:
Ақтөбе облысы бойынша
Шалқар ауданындағы Айшуақ орта мектебіне - белгілі тарихшы, профессор
Бек (Бегежан) Сүлейменовтың;
Алматы облысы бойынша
Райымбек ауданындағы Қарасаз орта мектебіне - ақын, ағартушы Албан
Асан Барманбекұлының;
Райымбек ауданындағы Қызыл шекара орта мектебіне - Жетісудың белгілі
ақыны Көдек Байшығанұлының;
Райымбек ауданындағы Средигор орта мектебіне - мемлекет қайраткері,
саяси қуғын-сүргіндер құрбаны Сәрсенбай Бейсембетұлының;
Панфилов ауданындағы Еңбекші орта мектебіне - 1986 жылғы Желтоқсан
оқиғасына қатысушы, осы мектептің түлегі Ербол Сыпатаевтың;
Жамбыл облысы бойынша
Талас ауданындағы Тамды орта мектебіне - Аңырақай шайқасының
қаһарманы Қойкелді батырдың;
Қарағанды облысы бойынша
Нұра ауданындағы Плаховка орталау мектебіне - ғалым-педагог Дәкен
Шалабековтың;
Қостанай облысы бойынша
Меңдіқара ауданындағы Қаратал орта мектебіне - қоғам қайраткері,
Социалистік Еңбек Ері Оразалы Қозыбаевтың;
Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша
Сайрам ауданындағы Қызылту орталау мектебіне - қауіпті қылмыскерлерді
ұстау кезінде ерлікпен қаза тапқан милиция сержанты, осы мектептің түлегі
Нұржан Шойынбаевтың;
Шығыс Қазақстан облысы бойынша
Шығыс Қазақстан өнер колледжіне - халық әртістері - ағайынды
Абдуллиндердің;
Қатонқарағай ауданындағы Белқарағай орта мектебіне - белгілі жазушы,
Мемлекеттік сыйлықтың иегері Оралхан Бөкеевтің есімдерін беру туралы;
2) Мына білім және мәдениет мекемелерінің атауларын:
Ақтөбе облысы бойынша
Шалқар ауданындағы Калинин атындағы орта мектепті - Жаңақоныс орта
мектебі;
Алматы облысы бойынша
Ақсу ауданындағы Қарашағын ауылдық округіне қарасты "БЛКЖО-ның 30 жылдығы" атындағы орта мектепті - көрнекті композитор Мұқан Төлебаев атындағы орта мектеп;
Ақсу ауданындағы Құрақсу ауылдық округіне қарасты Мұқан Төлебаев атындағы орта мектепті- Құрақсу орта мектебі;
Балқаш ауданындағы Ақкөл ауылдық округіне қарасты "Қызылту" орталау мектебін - Көкжиде орталау мектебі;
Балқаш ауданындағы Бірлік ауылдық округіне қарасты "Қазанның 50 жылдығы" атындағы орта мектепті - Бірлік орта мектебі;
Балқаш ауданындағы Береке ауылдық округіне қарасты "Тыңның 25 жылдығы" атындағы орта мектепті - Береке орта мектебі;
Панфилов ауданының әкімшілік орталығы Жаркент қаласындағы Киров
атындағы орта мектепті - ұйғыр халқының көрнекті ақыны, педагог Хелил
Хамраев атындағы орта мектеп;
Райымбек ауданындағы Калинин атындағы орта мектепті - Көмірші орта
мектебі;
Жамбыл облысы бойынша
Байзақ ауданындағы Макаренко атындағы орта мектепті - еңбек сіңірген
ғылым қайраткері, профессор Нығметолла Киікбаев атындағы орта мектеп;
Жуалы ауданындағы "Октябрьдің 50 жылдығы" атындағы орта мектепті -
Даңқ орденінің толық иегері Тайыр Тастандиев атындағы орта мектеп;
Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша
Бәйдібек ауданындағы Крупская атындағы орта мектепті - Есіркеп батыр
атындағы орта мектеп;
Мақтаарал ауданындағы Жданов атындағы орта мектепті - Сырдария орта
мектебі;
Шығыс Қазақстан облысы бойынша
Көкпекті ауданындағы Киров атындағы орта мектепті - Көкпекті орта
мектебі деп өзгерту туралы ұсыныстары қабылдансын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.
Нарбаев Е.