Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 13 ақпандағы N 109 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1998 жылғы 30 желтоқсан N 1363

      Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді:
      1. "Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың 1998 жылға арналған бюджеті туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 13 ақпандағы N 109 P980109_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 4, 30-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
      4-тармақ "570,0 млн. теңге" деген сөздерден кейін "және Астана қаласына қоныс аударуына байланысты Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың қызметкерлеріне қызметтік тұрғын үй сатып алуға 29,5 млн. теңге" деген сөздермен толықтырылсын;

 

     жоғарыда аталған қаулының "Шығыстар" деген қосымшасындағы реттік

нөмірі 5-жол мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:

     "Астана қаласына қоныс аударуына байланысты Зейнетақы төлеу жөніндегі

мемлекеттік орталықтың қызметкерлеріне қызметтік тұрғын үй сатып алуға

арналған шығыстар 29,5".

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады