Астана қаласында орналасқан мемлекеттік органдардың әкімшілік ғимараттарымен төтенше оқиғаларды болдырмау мақсатында, климаттық жағдайдың күрт нашарлауын ескере отырып Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің резерв қорынан Қазақстан
Республикасының Жоғарғы Сотына әкімшілік ғимаратының күрделі жөндеуін
аяқтауға 9 240 000 (тоғыз миллион екі жүз қырық мың) теңге бөлінсін.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың
мақсатқа сай пайдаланылуына бақылау жасауды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі