Қазақстан Республикасы Президентінің "А.Б.Самақованы Қазақстан Республикасының министрі етіп тағайындау туралы" 1999 жылғы 22 қаңтардағы N 27 Жарлығын іске асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Министрінің қызметін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Министрінің қызметі аясындағы негізгі міндеттері:
отбасын әйелдер мен балаларды әлеуметтік қолдау мәселелерін үйлестіру;
халықаралық әйелдер ұйымдарымен отбасын, әйелдерді және балаларды қолдау мәселелері жөніндегі ынтымақтастық;
Үкіметтің Қазақстан Республикасының Парламентімен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің жекелеген тапсырмаларын орындау болып белгіленсін.
2. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі екі апталық мерзім ішінде Қазақстан Республикасының Министрі туралы ережені дайындасын және Үкіметтің бекітуіне енгізсін.
3. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне Қазақстан Республикасы Министрінің қызметін, оның штат санын тиісінше 6 адамға ұлғайта отырып, материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі функциялар жүктелсін.
4. Қазақстан Республикасының Министрі үшін 1 қызметтік жеңіл
автомобиль лимиті белгіленсін.
5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі белгіленген тәртіппен
министрліктер мен ведомстволардың штат санын жүргізіліп отырған қысқартуға
байланысты республикалық бюджеттің босаған қаражатының есебінен Қазақстан
Республикасының Министрін қаржыландыруды, сондай-ақ Премьер-Министрдің
Кеңсесін қосымша қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.
Қасымбеков Б.