Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзірбайжан Республикасының Үкіметі арасындағы байланыс саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 16 ақпан N 130

 


     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

     1. 1998 жылғы 23 қазанда Баку қаласында жасалған Қазақстан

Республикасының Үкіметі мен Әзірбайжан Республикасының Үкіметі

арасындағы Байланыс саласындағы ынтымақтастық туралы келісім бекітілсін.

     2. Осы қаулы қол қойған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі



           Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзербайжан

             Республикасының Үкіметі арасындағы Байланыс

                  саласындағы ынтымақтастық туралы

                              Келісім


     (ҚР халықаралық шарттары бюллетені, 2000 ж., N 2, 20-құжат)

    (1999 жылғы 8 сәуірде күшіне енді - "Дипломатия жаршысы" ж.,

           Арнайы шығарылым N 2, 2000 жылғы қыркүйек, 80 бет)


     Бұдан былай Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының

Үкіметі мен Әзербайжан Республикасының Үкіметі,


 
       Қазақстан Республикасы мен Әзербайжан Республикасы халықатарының арасындағы тең құқықтық және өзара тиімді ынтымақтастыққа негізделген қазыргі бар байланыстарды дамытуға ұмтылысты басшылыққа ала отырып,
      телекоммуникациялар және почта байланысы саласындағы екі жақты қарым-қатынастар Бүкіләлемдік почта одағы актілерінің ережелеріне және Халықаралық электр байланысы одағының ұсыныстарына, сондай-ақ өзге де халықаралық шарттарға сәйкес құрылуы тиіс екендігін назарға ала отырып,
      телекоммуникациялар және почта байланысы саласындағы өзара іс- қимыл мен ынтымақтастық өзара көмек негізінде дамуы тиіс деп есептей отырып,
      Тараптар арасында байланыс құралдарының үздіксіз қызмет етуін қамтамасыз ету үшін тығыз құқықтық, экономикалық және технологиялық қарым-қатынастарды орнатуды қалай отырып, төмендегілер туралы келісті:
 
                        1-бап
 
      Телекоммуникациялар және почта байланысы саласындағы ынтымақтастықты халықаралық құқытың жалпыға ортақ нормалары мен принциптеріне, Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңдарына, Бүкіләлемдік почта одағы актілерінің ережелеріне және Халықаралық электр байланысы одағының ұсыныстарына сәйкес жалғастыру әрі кеңейту, өз өкілеттіктері мен мүмкіндіктері көлемінде қызмет ету.
 
                        2-бап
 
      Телекоммуникациялар және почта байланысын ұйымдастырудағы барлық өзгерістер туралы, сондай-ақ байланыс қызметін көрсету үшін өзара есеп айырысудың тәртібі туралы осы өзгерістер ұсынылған күнге дейін бір- біріне үш ай бұрын алдын ала хабарлау.
 
                       3-бап
 
      Өз мемлекеттерінің аумағы арқылы телекоммуникациялардың, почта жіберілімдерінің және арнайы байланыстың барлық қызмет түрлерінің, теледидар және радиохабарлар бағдарламаларын берудің еркін транзитінің жүзеге асырылуын өзара тиімді шарттармен кепілдеу. Транзит Тараптар органдарының алдын ала уағдаластықтары және бекітілген маршрут, кесте және тарифтер бойынша жүзеге асырылады.
 
                       4-бап
 
      Қазақстан Республикасы мен Әзербайжан Республикасының арасында ақшалай почта аударымдарымен алмасу тәртібі және қолма-қол ақшамен өзара есеп айырысуды жүзеге асыру Тараптардың тиісті ведомостволарының арасындағы арнайы Келісімдермен айқындалады.
 
                        5-бап
 
      Электр байланысы саласындағы осы Келісімді орындаудан туындайтын есеп айырысулар мен төлемдер Тараптардың байланыс әкімшіліктерінің арасныдағы қолданыстағы келісімдерге сәйкес жүргізілетін болады.
      Байланыс қызметін көрсету бойынша барлық өзара есеп айырысулар Тараптар мемлекеттерінің қолданыстағы заңдарына сәйкес тиісті қызметтер және уәкілетті банктер арқылы орталықтандырылып жүзеге асырылатын болады.
 
                         6-бап
 
      Тараптар байланыс әкімшіліктерінің қызметіне үшінші мемлекеттерде және тиісті халықаралық ұйымдарда кедергі жасайтын немесе қиындататын кемсітушілік шараларын бірі-біріне қолданбау.
 
                         7-бап
 
      Екінші Тараптың радио және теледидар бағдарламалары мен мерзімді басылымдарын Тараптар немесе олардың тиісті ведомстволарының арасындағы шарттар мен келісімдерде белгіленген көлемде жаздырып алдыру және бөлшек саудамен алу бойынша өз мемлекетінің аумағында таратуды ұйымдастыруға бір-біріне жәрдемдесу.
 
                         8-бап
 
      Қажет болған жағдайда, өз құзыретінің шеңберінде өз мемлекетінің қолданыстағы ережелерімен және ұлттық заңдарымен, халықаралық шарттармен, Халықаралық электр байланысы одағының ұсыныстарымен шекаралас аудандарда радиожиіліктердің пайдаланылуын үйлестіру. Осындай үйлестіру хат-хабар ламасу немесе жекелеген келісімдерге қол қою жолымен жүзеге асырылады.
 
                        9-бап
 
      Қызмет көрсетуге қатысушы барлық байланыс кәсіпорындары тұтынушылар алдында уақытылы және сапалы қызмет көрсету үшін тең дәрежеде жауапты. Халықаралық байланыс желілерінің сапасыз жұмысына шағымды қараудың тәртібі Бүкіләлемдік почта одағының актілермен және Халықаралық электр байланысы одағының ұсыныстарымен белгіленеді.
 
                       10-бап
 
      Байланыс кәсіпорындарының телефоншылары, телеграфшылары, техникалық қызметшілері, почта қызметкерлерінің арасында қызметтік ақпарат алмасу үшін, сондай-ақ қызметтік құжаттармен алмасу үшін орыс және ағылшын тілдерін пайдалану.
      Тараптар мемлекеттері жіберетін почта жіберілімдері мен жеделхаттардың мекен-жайлары орыс тілінде немесе латын әріптерімен ресімделеді.
      Жеделхаттардың мәтіндері латын әріптерімен қабылдануы және тапсырылуы мүмкін.
 
                      11-бап
 
      Мемлекетаралық хабарлар және ақпарат берудің байланыс кәсіпорындарындағы технологиялық процестерінде Тараптар бірыңғай есептеу-есеп беру - мәскеу уақытын қолданады.
 
                      12-бап
 
      Өз жедел-техникалық басқару жүйелерінің өзара іс-қимылдарына

 

қолданыстағы технологиялық процестерге сәйкес жәрдемдесу.

     Хабарлардың төтенше жағдайларда байланыс құралдары бойынша

басымдылықпен берілуін қамтамасыз ету.

     Мемлекетаралық байланыс желілелеріндегі апаттар зардаптарын жою

кезінде өзара көмек көрсету.

     Қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу кезіндегі өзара іс-қимыл

тәртібін Тараптардың байланыс әкімшіліктері әзірлейді және келіседі.


                            13-бап


     Мемлекетаралық маңызы бар байланыс объектілерін салу мен

пайдаланудың нормалар мен ережелерін үйлестіру.


                            14-бап


     Осы Келісімді түсіндіру мен қолдану мәселелері бойынша туындайтын

дауларды өздерінің құзыретті органдарының келіссөздерін жүргізу жолымен

шешу.


                            15-бап



 
       Осы Келісімге Тараптардың жазбаша келісімімен оның ажырамас бөлігі болып табылатын хаттамалармен ресімделетін өзгертулер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін және олар осы Келісімнің 16-бабының ережелеріне сай күшіне енеді.
 
                             16-бап
 
      Осы Келісім, оның күшіне енуі үшін қажетті Тараптардың мемлекетішілік процедураларды орындағаны туралы соңғы жазбаша мәлімдемені алған күннен бастап күшіне енеді.
      Осы Келісім бес жыл бойы қолданыста болады және, егер Тараптардың ешқайсысы кезекті кезеңнің аяқталуына дейін алты ай бұрын, оның күшін тоқтатқысы келетіні туралы ниетін екінші Тарапқа жазбаша мәлімдемесе, келесі бес жылдық мерзімдерге өздігінен ұзартылатын болады.
      Осы Келісім осындай мәлімдемені алғаннан кейінгі алты айдан соң және осы Келісім бойынша міндеттемелерді толық орындағаннан кейін күшін жояды.
      1993 жылғы 24 ақпандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен

 

Әзербайжан Республикасының Үкіметі арасындағы Электр және почта

байланысы саласындағы ынтымақтастық туралы келісім осы Келісімге қайшы

келмейтін бөлігінде қолданымды деп есептелсін.

     Баку қаласында 1998 жылғы 23 қазанда әрқайсысы қазақ, әзербайжан

және орыс тілдерінде екі дана болып жасалды. Сондай-ақ барлық мәтіндердің

күші бірдей.

     Осы Келісімді түсіндіруге қатысты пікір алшақтықтары туындаған

жағдайда Тараптар орыс тіліндегі мәтінді басшылыққа алатын болады.


     Қазақстан Республикасының          Әзербайжан Республикасының

         Үкіметі үшін                       Үкіметі үшін






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады