Қазақстан Республикасының шетел несие берушілер алдындағы міндеттемелерін орындау, дефолт фактілеріне жол бермеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдіктері бар бұрын берілген мемлекеттік емес сыртқы заемдардың республикалық бюджетке қайтарылуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі:
1) 1993 жылғы 18 қарашадағы N 22-1-6/38, 1996 жылғы 23 қыркүйектегі N 001 берілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдіктеріне және N 11987 кепілдік хатқа сәйкес, шетел банктері шоттарының негізінде дәрменсіз заемшылар үшін алдағы және мерзімі өткен төлемдерді (1,2-қосымшаларға сәйкес), сондай-ақ есептелген айыппұл сомаларын төлем жасалатын күнгі бағам айырмасының өзгеруін есепке ала отырып, 1999 жылға арналған республикалық бюджетте "Несиелендіру" бөлімі бойынша көзделген қаражат шегінде төлейтін болсын;
2) заемшылардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігі бар мемлекеттік емес сыртқы заемдарды пайдалану жөніндегі қызметіне қаржылық тексеріс жүргізсін және оларды пайдалану тәртібін бұзушылық фактілері анықталған жағдайда кінәлі адамдарды Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес жауапқа тарту мақсатында материалдарды құқық қорғау органдарына, соттарға берсін.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігінің Салық полициясы комитеті Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігі бар мемлекеттік емес сыртқы заемдар бойынша қаржылық міндеттемелерді орындамаған тұлғаларды жауапқа тарту жөнінде заңдарда белгіленген тәртіппен шаралар қолдансын.
3. "Тұран Әлем Банкі" жабық акционерлік қоғамы мен "Қазақстан Эксимбанкі" жабық акционерлік қоғамына алынған қаражаттың республикалық бюджетке қайтарылуын қамтамасыз ету жөнінде жұмыстар жүргізу ұсынылсын.
4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, "Тұран Әлем Банкі" жабық акционерлік қоғамы мен "Қазақстан Эксимбанкі" жабық акционерлік қоғамы (келісім бойынша) қаржылық міндеттемелері республикалық бюджет қаражатының есебінен орындалған заемшыларға қатысты қолданған шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметіне ақпарат берсін.
5. Осы қаулы қол қойылған сәтінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1999 жылғы
23 ақпандағы
N 151 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігі бар мемлекеттік емес
сыртқы заемдарды өтеу бойынша мерзімі өткен төлемдердің
Сомасы
__________________________________________________________________________
| Заемшы | Төлем | Төлем | Төлем | Негізгі
| ұйым |валютасы|уақыты | сомасы | борыш
|_____________________________|________|__________|____________|___________
| |АҚШ несие жүйесі
|_____________________________|____________________________________________
|"Кең дала" МАҚ | USD | 24.12.98 | 19 253,44 | 0,00
|_____________________________|________|__________|____________|___________
|Барлығы | USD | | 19 253,44 | 0, 00
|_____________________________|________|__________|____________|___________
таблицаның жалғасы
_________________________
| Проценттер | Басқалары |
| | |
|____________|____________|
| | |
|____________|____________|
| 0,00 | 19 253,44 |
|____________|____________|
| 0,00 | 19 253,44 |
|____________|____________|
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1999 жылғы
23 ақпандағы
N 151 қаулысына
2-қосымша
Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігі бар мемлекеттік емес
сыртқы заемдар бойынша алдағы төлемдерді өтеу
Сомасы
__________________________________________________________________________
| Заемшы |Төлем | Төлем | Төлем | Негізгі
| ұйым |валютасы| уақыты | сомасы | борыш
|_____________________________|________|__________|____________|___________
| |Канада несие желісі
|_____________________________|____________________________________________
|"Аквест" БК | USD | 01.02.99 | 904 626,24 | 757351,86
|_____________________________|________|__________|____________|___________
|"Армавир" кеңшары | USD | 01.02.99 | 239 621,32 | 217686,56
|_____________________________|________|__________|____________|___________
|Барлығы: | USD | |1 144 247,56| 975038,42
|_____________________________|________|__________|____________|___________
Таблицаның жалғасы
_________________________
| Проценттер| Басқалары |
| | |
|____________|____________|
| | |
|____________|____________|
| 139 557,86| 7 716,52 |
|____________|____________|
| 17 151,89| 4 782,87 |
|____________|____________|
| 156 709,75| 12 499,39 |
|____________|____________|
Оқығандар:
Қобдалиева Н.
Орынбекова Д.